Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақпан Үкібаев мектебі - АРҚА АЖАРЫ

Ақпан Үкібаев мектебі

«Жақсының аты, ға-лымның хаты өлмей-ді» деген сөз бар. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында осы ауданды басқарған Ақпан Үкібаевтың есімі өңір тұрғындарына жақсы танымал. Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында Ақпан Үкібаев атындағы көше және мектеп бар, оған қоса, мектеп жанында ескерткіші орнатылған.

Ерейментау ауданында туып-өскен соғыстан кейінгі қалпына келтіру, онан кейінірек қолға алынған тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты маңызды науқандарды жүргізуге белсене атсалысқан Ақпан Үкібаев тың жерлерді игеруге байланысты құрылған Жарқайың ауданын біраз жыл басқарған. Аудан орталығы Державинск қаласының алғашқы қазығын қағып, елді мекенге айналдырған да Ақпан Үкібаев екен. Ауданның өсіп-өркендеуіне, дамуына зор үлесін қосқан азаматтың есімін есте сақтау үшін өзі алғаш қазығын қаққан қаланың көшелерінің біріне және мектепке есімі беріліпті. 1967 жылы салынған Ақпан Үкібаев атындағы мектеп-интернаты аудандағы іргелі оқу орындарының бірі. Бүгінде қазақ мектебіне айналған білім ошағынан шыққан түлектердің арасында елімізге аты танымал азаматтар аз емес. 2005 жылы күрделі жөндеуден өткен мектеп өмірге екінші қайта жолдама алды. Заман талабына сай жабдықталған мектеп-интернатта бүгінде үш жүзден астам бала оқып, білім алуда.
Мектепте есімі берілген тарихи тұлға Ақпан Үкібаевқа арналған мұражай бар. «Мұражайды ашуға оның балалары мен немерелері көп көмектесті, қазір де көмектесіп тұрады», – дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Анар Әбікеева. Мұражайдан ұзақ жылдар ауданды басқарған А.Үкібаев тұтынған жеке заттардан бастап, түрлі құжаттар, фотосуреттер, тіпті, оның жеке кітапханасы да орын алған.
Мұражайды аралатып таныстырған мектептің оқу ісінің меңгерушісі Гүлшат Нұрпейісова оқу жылы бойына «Үкібаев тағлымы» атты апталықтар өткізіліп тұратынын айтты. Мектеп ауласында А.Үкібаевтың еңселі ескерткіші орнатылған.
70 орындық интернатта бүгінде 30 бала тұрып, оқып жатыр. Олардың бәрі қалаға іргелес Баранкөл, Тасөткел ауылдарынан келген балалар. 2, 3, 4 орындық бөлмелерде балалардың демалуына, сабаққа дайындалып, уақыттарын жақсы өткізулеріне барлық қажетті жағдай қарастырылған. Үш мезгіл ыстық тамақ беріліп тұрады. Оқу да, жататын орын да тегін. Бүгінгідей нарық заманында мұның өзі жас ұрпаққа жасалған үлкен игілік десе болады.
Гүлшат Нұрпейісованың айтуынша, мектептегі оқу көрсеткіші де жоғары. Балалардың арасында ауданды былай қойғанда, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысып, жеңімпаз атанып жүргендер бар. Маржан Әбдірахманова деген осы мектептің оқушысы биыл өткізілген Абай оқуларында облыста екінші орын алыпты. Ал, Жақсыкелді Абай мен Сансызбай Баян математика олимпиадасында үшінші орынды жеңіп алған.
Қазақ орта мектебінде қазақша білім алып жүрген өзге ұлттың балалары да бар екен. Поляк, орыс, неміс және латыш ұлтының 16 баласы қазақ орта мектебінде мемлекеттік тілде тәлім-тәрбие алып жатыр.  Халқына, еліне еңбегі сіңген Ақпан Үкібаев сияқты танымал тұлғаның есімін алған қазақ орта мектебі уақыт талабына бейімделіп, тәуелсіз еліміздің болашақ тізгін ұстары жас буынға саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында жемісті жұмыс істеп келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар