«Айқын тариф» жобасы

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері «Айқын тариф» жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг жүргізді.

Шараға қала әкімдігі мен аудандық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау бөлімдерінің мамандары  қатысты. Рейд аудан орталығындағы тұрғындар арасында танымал дүкендер мен сауда үйлерін қамтыды.
–  Қазіргі кезде баға көрсеткіштері қойылған, азық-түлікті сақтау санитарлық талапқа сай.  Рейдтің негізгі мақсаты баға деңгейлерінің өзгеруі мен халық көп тұтынатын тауарлардың негізсіз қымбаттауының себебін анықтау, – деді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденова.
 «Ассорти», «Ишим», «Рахат» және тағы басқа дүкендердің жақсы жұмыс атқарғандығы атап өтілді. Сонымен бірге, бірқатар дүкен иелеріне кемшіліктері нақты көрсетіліп, қысқа мерзім ішінде жою тапсырылды.
Тұмарым БАБАСАНОВА.  
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар