Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа заңның алғашқы нәтижелері - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа заңның алғашқы нәтижелері

Ақмола Медиа орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша  бес айда атқарылған жұмыс қорытындылары және бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде брифинг өткізді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова ашып, жүргізіп отырған бұл брифингте аталған департаменттің басшысы –  Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қуаныш Жапақов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау аясында ағымдағы жылдың
1 қаңтарынан бастап мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңының орындалуы жайлы айтып өтті. Баяндамашы өз сөзінде Әдеп кодексі нормаларының сақталуын жүзеге асыратын әдеп жөніндегі институт енгізілгенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті  үш сатылы іріктеу жүйесіне көшіру іске асырылғандығы және мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі құрылғандығы жөнінде де айтып өтті. Өткен жылы облыстың он алты мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болу қаупіне сараптама жасалып, 186 ықтимал заң бұзушылық анықталған. Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер бос лауазымды орынға конкурс өткізу мерзімінің тым ұзарып кетуі секілді мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан, департамент басшысы келешекте мемлекеттік қызметке орналасудың алғашқы екі кезеңі біріктірілетінін айтып өтті.
Соңғы жылдары мамандардың мемлекеттік қызметтен кетуі екі есеге қысқарған. Бұл өз кезегінде әлемдік қаржы дағдарысы кезінде  азаматтардың тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға деген құлшынысымен   байланысты. Алайда, біздің облыста жағдай сәл басқашалау. Салада кадрлардың ауысуы көп, соның салдарынан мемлекеттік қызметте бос орындар бар.

Аққу ЖАҚСЫЛЫҚ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар