Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
100 қадамның 23-і орындалды - АРҚА АЖАРЫ

100 қадамның 23-і орындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындыларына арналған кеңес өтті.

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев,
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Бекетаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Президенттің көмекшісі Ә.Смайылов, Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақов, Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, Ұлттық  экономика министрі Қ.Бишімбаев, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков қатысты.
Кеңес барысында кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігін және елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы өткен кезеңде атқарылған жұмыс реформаларды тікелей жүзеге асыру үшін қолайлы ахуал қалыптастырғанын, соның арқасында 100 қадамның 23-і толық орындалғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі сәтте жұртшылықпен сауатты жұмыс жүргізу ісін жолға қоюға ерекше көңіл бөлген жөн екенін айтты.
– Жаңа заңнамалық актілер қабылдау нәтижесінде  бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып жатыр. Соның айқын мысалы – жер мәселесіне қатысты заң. Сондықтан, жүйелі талдау және қабылданып жатқан шараларды жан-жақты талқылау негізінде қателіктермен ұдайы жұмыс жүргізіп отыру қажет. Біз саясатымызды жетілдіру жөнінде алдын ала жүйелі қадамдар жасауға тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.
Жиын барысында жұмыс топтарының мүшелері Ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндама жасады. Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті экономикалық өсімді ынталандыру үшін Үкіметке 2016 жылдың екінші жартысында қосымша 240 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу есебінен бөлінетін ресурстар шағын және орта бизнесті қолдауға, жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасын
несиелеу мен жүзеге асыру ісіне жұмсалады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар