4 жылда бір келер футбол тойы

Кәрі құрылық қазір футболмен тыныстауда. 10 маусым, жұма күні осы спорт түрінен Францияда Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңі  басталды.

Алты топқа бөлінген 24 мемлекеттің  құрама командасы бір ай бойы жан алысып, жан берісіп, енді Еуропа кубогы үшін бір-бірімен шеберлік байқасады. Әр топтан жарыстың келесі кезеңіне шығатын қос құраманы анықтайтын додаға бірқатар елдердің командалары қазірдің өзінде кірісіп кетті. Айталық, А тобында алаң иелері Франция – Румыния арасындағы кездесу 2:1 есебімен француздардың пайдасына шешілсе, осы топта ойнайтын Албания мен Швейцария ойынында 0:1 есебімен швейцариялықтар басым түсті. В тобында Англия – Ресей 1:1 есебімен тең тарқасты. Словакия 1:2 есебімен Уэльске есе жіберді. Біз жанкүйер болған түріктер Д тобында 0:1 есебімен Хорватиядан ұтылып қалса, С тобында мынадай нәтижелер тіркелді. Германия – Украина – 2:0, Польша – Солтүстік Ирландия – 1:0. Қалған топтардағы командалар тартысты бәсекеге енді қосылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар