Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құтқару қызметі құтқарып алды - АРҚА АЖАРЫ

Құтқару қызметі құтқарып алды

Бір топ бала Қопа көлінің жиегінде жатқан, қолдан жасалған салды тауып алып, көл бетіне шыққан. Күн желді, дауылды болатын. Әне-міне дегенше жасанды сал ығып, көлдің ортасына да жетіп қалған. Қауіпті кеш аңғарған балалар жағалауға қарай жүзбекші болып тырысқанымен, әрекеттерінен еш нәтиже шықпаған.

Әбден қалжыраған балалар жел өтінде жаурап, тоңған, көмекке шақырайын десе, бәрінің ұялы телефондары жағалауда қалыпты. Балалардың бірі салға қатарластыра байланған ағаш бөшкеге жармасып, жағалауға қарай жүзуге әрекеттенеді. «Суға кеткен тал қармайды» дейді емес пе, бар үміт ағаш бөшкеде болғанымен, бұл жанталаса қимылдаған әрекеттен де ештеңе шықпаған.
Міне, дәл осы сәтте жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Р.Шевченко дүрбімен көл айдынына шолу жасап тұрғанда дәл ортада қолдарын бұлғап, көмекке шақырып тұрған балаларды байқап қалған. Жедел жеткен құтқарушылар алдымен бөшкеге жармасып, жүзіп жүрген баланы қайыққа отырғызып алып, кейін жасанды салдың үстіндегі балаларға жеткен. Дереу көмек көрсетілген. Зәрелері ұшқан, жел өтінде тоңып қалған оларды жылы көрпеге орап, ыстық шәй бергеннен кейін, киім-кешектерін тастаған жерге жеткізген.
Осы бір оқыс оқиға кезінде құтқару жұмыстарының жедел әрі сауатты ұйымдастырылуына жасақ басшысы Дәулет Шамиғанов ұйытқы болды. Сөйтіп, жедел іс-қимылдың арқасында балалар анық ажалдан аман қалды.
Оралбек МҰҚАШЕВ,
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының бас инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар