Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алға ұмтылған жастың алар асуы биік - АРҚА АЖАРЫ

Алға ұмтылған жастың алар асуы биік

Облыс әкімінің орынбасары,  облыстық әкімдіктің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Нұркеновтың төрағалық етуімен өткізілген кеңестің кезекті отырысында жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Кеңес жұмысына облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, жоғары оқу орындарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің көшбасшылары қатысып, жастардың қоғамдағы рөлі мен кейбір түйткілді мәселелері талқыланды. Отырысты ашқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Ақтөбе қаласында болған лаңкестік салдарынан қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алуға шақырды. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қаладағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жастар ресурстық орталығының қызметі туралы баяндады. Ерейментау ауданында мемлекеттік жас-тар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов әңгімелеп берді. Бүгінгі күні ауданда жастар ресурстық орталығының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Жастармен жұмысқа әрдайым жеткілікті деңгейде көңіл бөлінеді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері  департаментінің басшысы Қуаныш Жапақов жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында баяндады. Ал, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Ысқақов облыс жастарының әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстарындағы жұмысы туралы айтты. Қазір жастардың уақытының басым бөлігі әлеуметтік желілерде өтетіндіктен түрлі тәрбиелік-танымдық іс-шараларды әлеуметтік желілер арқылы өткізген жөн деген пікірін білдірді ол. Сондай-ақ, жастарды теріс бағыттағы діни ағымдарға үгіттеп, санасын улайтын қара ниетті жандар да осы ғаламтор арқылы өз жұмысын жүргізуде. Тимур Ысқақовтың айтуынша «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі облысымыздағы мыңдаған оқырмандары бар топтардың жұмысын бақылауда ұстаған дұрыс және оған ықпал етіп отырған жөн. Өкінішке орай, әлеуметтік топтар арасында қазақ тілді топтар аз.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов аудандар мен ауылдарда оқу оқымай, жұмыс істемей бос жүрген жастарға назар аудару керектігін атап өтті. Атқарылып жатқан шаралардың дені жұмыс істеп жүрген, я болмаса студент жастардың қатысуымен өткізіледі. Ал, бос жүрген жастардың назардан тыс қалып жатқаны ескерілуі керек. Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, әр мекеменің атқарып жатқан жұмыстары әлеуметтік желіде көрініс табуы керектігіне назар аударды. Мәселен, музейлер мен кітапханалардың атқарған шараларының бәрі әлеуметтік желіден насихатталып жатады. Басқа мекемелер де бұл мәселеге жете көңіл бөлуі керек.

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар