Бір мектептен 8 «Алтын белгі» иегері шықты

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Астана қаласындағы Ақмола облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №2 мектеп-интернатының биылғы түлектері осындай көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

Бұл – облысымызда бұрын-соңды болмаған жетістік. Білікті педагог Сәруар Шанқұлова басқаратын  аталмыш білім ордасы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тестілеуде сенім үдесінен шығып жүрген оқу ордаларының қатарында.  Биылғы жылы да   28 түлектің 8-і «Алтын белгіге» ие болуы мектеп мерейін үстем етіп, мұндағы білім деңгейінің жоғары екенін көрсетіп отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуде үздік білімдерін дәлелдеп шыққан түлектердің қатарында Ерасыл Жұмабек, Айсәуле Съезбек, Назерке Мырзакәрімова, Әйгерім Бағыс, Айнұр Жүкенова, Елдана Ахметова, Жансая Қожабаева, Рауан Құлмұхамбетов және бір оқу озаты Ботагөз Амантаева бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Базарбай ЕРМҰҚАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар