Қоғам тыныштығын қорғау – парызымыз

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін құқық қорғау саласы заман талабына сай дамып, түрлі өзгерістерді бас-тан кешті. Халықпен етене жұмыс істейтін сала болғандықтан, мәні зор реформалар жүргізіліп, көптеген заңдар қабылданды. Бұл орайда, құқық қорғау органдарына жауапты міндеттер  жүктеліп отыр.

Қоғамның тыныштығы, халықтың қауіпсіздігі – біз үшін аса маңызды міндет. Бүгін ел тыныштығының күзетінде жүрген жандар адал қызмет етіп, мемлекет пен халықтың игілігі  үшін аянбауда. Олардың сын сағаттағы батыл да ұтымды қимылдары  қоғамымыздағы белең алған қылмыстарды құрықтауға өз септігін тигізеді. Тәртіп сақшыларының осы бағыттағы қызметін ойдағыдай атқаруы үшін құқық қорғау орган-дарының материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылуын арттыру, қызметкерлерге қалыпты еңбек және тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы жергілікті жерде толық жүзеге асырылуда. Осы мәселені Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында  және де «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты реформалық бағдарламасында да атап көрсеткен болатын. Себебі, полицейдің жұмыс сапасы қоғамдағы тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар, тұтастай мемлекет қауіпсіздігіне ықпалын тигізетіні анық.
Полиция қызметкерлері  кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіреді. Олар үшін  жыл бойы арнайы дәрістер жүргізіліп,  қорытындысында емтихан алынады. Сынақтардың нәтижесі бо-йынша қызметкерлерге санат беріледі. Әр
3 жыл сайын өз біліктіліктерін шетелдерде және еліміздің жоғары оқу орындарында жоғарылатады. Сонымен бірге, атыс және қоян-қолтық ұрыс бойынша жаттығулар өткізу де қарастырылған. Осылайша  полицияның кадрлық әлеуетін жақсарту арқылы заң бұзушылық пен қылмыс жасаушылықты барынша ауыздықтау мәселесі көзделіп  отыр. Бүгінде құқық қорғау органдарында үш мыңнан астам қызметкер жұмыс істесе, оның 153-і жас маман. Құқық қорғау қызметіне жаңадан келген жастарды  тәрбиелеу біздің басты парызымыз.
Кәмелет жасқа толмағандардың  қылмысқа баруы қоғамды алаңдатып отырған  мәселе. Бүгінде облысымызда ювеналды полиция қызметі саласында 93 маман жұмыс істейді, оның 39-ы мектеп инспекторлары. Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында өңірімізде балалар арасында 27 қылмыстық факті орын алса, өткен жылдың осы кезеңінде 32 заң бұзушылық тіркелген. Оның басым бөлігі Ақкөл мен Бурабай аудандарында орын алса, Көкшетау қаласында жыл басынан бері үш қылмыс жасалған. Бұл мәселе бойынша ауқымды шаралар қолға алынуда. Осы мерейлі міндетті құқық қорғау саласындағы қызметкерлер абыроймен атқарып келе жатыр.   Полицейлер ең алдымен, елдік мүддені биік қояды. Сонда ғана еліміз өркендеп, халықтың тұрмысы жақсара түспек.
Сөз соңында барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілегім келеді. Егеменді елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз әрқашанда нәтижелі болсын, әрдайым халықтың лайықты құрметіне бөленіп, үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!
Ержан СӘДЕНОВ,
Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы,
полиция полковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар