Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Елімізде  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастар-дың қалыптасуы-мен, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен тығыз байланысты.

 

Республикамыздың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімдік басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекеттік аппарат құру деп белгіленіп отыр. Тиісінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бас-тайтын жол» мақаласының сүбелі тарауы «Мемлекетті кәсібилендіру» деп аталып, онда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және мемлекетті басқарудың тиімділігін күшейтуге арналған іс-қимылдардың тәртібі айқындалған еді. Сонымен бірге, ел дамуында үлкен серпіліс жасаудың алғышарты ретінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесіне  арналуы да қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертуге, әрі жаһандық және iшкi сын-қатерлерге қарсы атқарылатын ауқымды шаралардың сапалы атқарылуына деген салмақты саясатты білдіртсе керек. Бұл қадамдарды жүзеге асыру елдің мемлекеттік қызметінің реформалануын мүлдем жаңа деңгейге алып келеді. Сол себепті, елімізде мемлекеттік қызметші күнінің белгіленуі де  тегіннен-тегін емес. Елде жүргізіліп жатқан реформалардың қозғаушы күші болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің рөлінің маңыздылығын ескере отырып, Мемлекет басшысының 2013 жылғы
23 желтоқсандағы Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні ретінде жарияланды. Бұл мереке мемлекеттік қызметтің абыройын нығайтуға, Елбасы жариялаған кәсіби мемлекеттік аппараттың  жұмысының «халық пен мемлекетке қызмет ету – бәрінен жоғары» атты негізгі қағидатын дәріптеуге  мүмкіндік туғызады. Бұл тұрғыда әрине, осы іске әрбіріміздің жоғары отансүйгіштікпен жұмыла білуіміз маңызды.
Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеу кезінде оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипаты, көлемі мен нәтижесі есепке алынып, мәртебесін айшықтайтын мәселелер алғашқы рет заң жүзінде реттелді. 2017 жылдың
1 қаңтарынан бастап неғұрлым нәтижелі жұмыс атқарған қызметкерге бонустар төлеу жүйесін енгізу жоспарлануда.
Қазіргі күні облысымызда 5981 мемлекеттік қызметші еңбек ететін 702 мемлекеттік орган бар. Мемлекеттік қызметші күнінің қарсаңында департамент мемлекеттік қызметтің қалыптасуына, дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан қызметкерлердің еңбегіне құрмет көрсету үшін Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерінің электрондық  құрмет тақтасын шығаруды қолға алып отыр. Оған қоса,  жұмыста үздік нәтиже көрсеткен бірқатар мемлекеттік қызметші департамент басшылығының, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталмақ.
Осынау атаулы күні біз  өз тарапымыздан барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтағымыз келеді. Ел игілігі жолында қолға алған істеріңізге табыс, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз.
Қуаныш ЖАПАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар