Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өртке қарсы күрес қызметі жас офицерлермен толықты - АРҚА АЖАРЫ

Өртке қарсы күрес қызметі жас офицерлермен толықты

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мен облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Көкшетау техникалық институтының түлектеріне диплом тапсыру салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, сәт сапар тіледі.

Салтанатты шара үрлемелі оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік Әнұранды орындаудан бастау алды. Содан соң Көкшетау техникалық институтының жауынгерлік туы шығарылып, институт басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов жеке құрамның сапқа тұрғандығы жөнінде Юрий Ильинге рапорт берді.
– Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының құрамы жас офицерлермен толықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуында  жастардың айрықша орын алатындығын атап өтті. Яғни, мемлекетіміздің көркеюі  білімді, күш-жігері мол жастардың қолында екенін айқындап берді. Бүгінде өртке қарсы күрес қызметі жас мамандарының тағы бір тобы атақ-абыройымен танылған оқу ордасының қабырғасынан түлеп ұшып, еліне адал қызмет етпекке бекініп отыр. Осы жауапты қызметті жас офицерлер мінсіз атқарады деген сенімдемін, – дей келе, Юрий Ильин түлектерге сәттілік тіледі.
Түлектерге сонымен бірге, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жүрекжарды лебізін арнады. Ол өз сөзінде институттың кадр даярлау ісіндегі рөлін атап өтіп, білім-білігімен көзге түскен техникалық институт курсанттарының кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.
Түлектерге «Азаматтық қорғау лейтенанты» атағын беру туралы бұйрықты кадр жұмысы бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Тұрсын Балқыбеков оқып берді. Жиын барысында Юрий Ильин мен Нұрлан Нұркенов оқу озаттарына «Оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгілерін және дипломдарды табыс етті. Биыл 100 курсант оқу орнын бітірді. Оның ішінде, үстіміздегі жылы Қазақстан полициясы күні қарсаңында институттың  екі түлегі  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қолынан офицер шенін алды. Оған қоса, Астана күнінде тағы да төрт түлекке офицер шені табысталмақ. Ал, жас офицерлерге Көкшетау техникалық институтын бітіргені жөніндегі дипломдарды институт басшысы Сырым Шәріпханов, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алексей Советов, облыстық төтенше жағдайлар  департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Тасов және  Ақмола облысы төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапарғали Асылбеков тапсырды.
Сондай-ақ, оқуда озат болған лейтенант Абылай Баянов Тумен қоштасу рәсімін жасаса,   түлектер атынан азаматтық қорғаныс лейтенанты  Бексұлтан Рақымбаев  ұстаздар мен ата-аналарға шынайы алғысын білдірді.
– Білім нәрімен сусындатып, бізді білімді әрі білікті маман етіп тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін ұстаздарымызға мың алғыс. Институт беделін көтеріп,  бізге артқан сенімді ақтауға уәде береміз, – деді курсант өз сөзінде. Бұл күні  балалары үшін ата-аналары да ерекше қуанды. Солардың бірі Елеусіз Құлмағанбетов білім ордасы ұжымына ризашылығын айтты. Салтанатты рәсім соңында офицерлер жауынгерлік шерумен өтіп, қоштасу вальсін орындады.

 

Ырысгүл АШУОВА

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар