Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өз тағамдарымен таныстыруда - АРҚА АЖАРЫ

Өз тағамдарымен таныстыруда

Астанада Қазақстандағы Канада елшілігі «Қуырылған ет маусымын» одан әрі жалғастыруда.

Бүгінгі таңда әрбір астаналық тұрғын «Көрме» павильонының маңындағы «Нұржол» бульварында «премиум» қуырылған еті мен сапалы сүт өнімдерінің дәмін тегін тата алады.  Мұнда Қазақстанда бірінші рет «Агри-Энималс» мамандандырылған мал шаруашылығының көрмесі болып өтті. Онда Канада мен Қазақстан арасындағы мал шаруашылығы саласы серіктестігінің тәжірибелік жетістіктері ұсынылды. Канададан әкелінген технология мен асыл тұқымды малдың генетикасының арқасында кез-келген қазақстандық етті тұқымды ангус немесе герефордтың қуырылған етін және өнімділігі жоғары голштин тұқымынан алынған жоғары сапалы сүт өнімдерін сатып алуға мүмкіндік алды.
Екі елдің арасындағы ынтымақтастық өткен ғасырдың 1950 жылдары басталып, егіншілік саласында инновациялық тәжірибе алмасылды. Кейін Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін бұл жұмыстар «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында одан әрі жанданды. Бұл күнде канадалық сарапшылар қазақстандық фермерлермен мал шаруашылығы саласындағы озық генетика, технология және  тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігіне ие. Осының нәтижесінде канадалық мамандар мен олардың қазақстандық әріптестері  Астана тұрғындарына Канада елшілігінің ұйымдастыруымен алғаш рет өз өнімдерін ұсынды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар