Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Меморандумға қол қойды - АРҚА АЖАРЫ

Меморандумға қол қойды

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Сергей Кулагин мен облыстық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Шараға облыстың судьялар корпусының, облыстық әкімдіктің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, медиацияны дамыту орталығының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палата мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Облыс әкімі Сергей Кулагин облыстық сот пен  облыстық әкімдіктің арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою ең алдымен, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің   конституциялық принципін жүзеге асыруға және мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін шешуге бағытталғандығын атап өтті. «Татуласу рәсімдері институты, нақтырақ айтқанда, медиация құқықтық дауларды реттеу әдісі ретінде қоғамдық өмірде ерекше маңызға ие және ол осындай ауыр міндетті ойдағыдай атқарып келеді. Қылмыстық істерді халық өкілдері саналатын алқабилердің қатысуымен қарау демократиялық үрдістің нақты көрінісі түрінде қалыптасып
отыр», – деді облыс басшысы.
Облыстық соттың төрағасы Н.Әбдіқанов өз кезегінде өңір басшысына облыс орталығы мен аудандарда медиация кабинеттерін ашу барысында көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар