Жылы сөз шуағы

Облыстық прокуратурада биылғы жылдың алғашқы бес айының жұмыс қорытындылары  сөз болған брифинг барысында облыс прокуроры Мұратбек Исадилов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Алдымен, БАҚ өкілдерімен өткен брифингте прокурордың аға көмекшісі Жанар Мұқышеваның айтуынша, жыл басынан бері облыс аумағында 7004 қылмыстық заң бұзушылық тіркелген. Қылмыс көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда
3 пайызға кемігендігі байқалады. Дегенмен, орта дәрежелі қылмыс көлемі біршама артып отыр. Аса ауыр қылмыс саналатын кісі өлтіру 39,1 пайызға азайған. Жыл басынан бері 14 кісі өлтіру оқиғасы тіркелсе, солардың 13-і еш жерде жұмыс істемейтін адамдардың қолымен жасалған.
Қылмыстың алдын алу және қылмысқа бастайтын себептерді жою бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Солардың ішінде халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту мәселелеріне жете көңіл бөлінуде. Осы орайда, қылмыспен күресте және оның алдын алуда БАҚ-пен бірлесе жұмыс жүргізудің игі ықпалы бары да айтылды.
Сондай-ақ, брифингтен кейін облыс прокуроры мен орынбасарларының журналистерге кәсіби мерекелеріне орай қабылдау жасауы көңілде жақсы әсер қалдырды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар