Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайланды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайланды

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов: «Қазақстан 138 дауыстың 129 қажеттісін жинады. Құттықтаймын! Бұл біздің ортақ жеңісіміз», – деп мəлімдеді. Бұл туралы pm.kz сайты хабарлады.
Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болған. Еліміз бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түскен.
«Дауыс берушілердің үштен екісінің қолдауына ие болып, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесіне 2 жылға тұрақты емес мүше болып сайланды. Енді 1 қаңтардан бастап қызметін бастайды», – деді Бас Ассамблеяда 70-сессиясының төрағасы Могенс Люккетофт.
Айта кетейік, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүшесі болуға ниеті жайлы 2010 жылы баршаға жария еткен болатын. Үш жылдан кейін Астана өз үміткерлігін сүйемелдеу бойынша ресми науқанды бастады. Науқан Қазақстанның 2014-2020 жылдарға сыртқы саясаты Тұжырымдамасына негізделеді. Оған сәйкес халықаралық ұйымдарға белсенді қатысуы елдің ұлттық мүдделерін қорғаудың және барынша танымалдығын қамтамасыз етудің маңызды құралы, сондай-ақ, аймақтық және жаһандық сыртқы саясатының қозғаушы күші болып табылады.
Аталған науқан аясында халықаралық ынтымақтастықтың төрт басымдық салалары – азық-түлік, су, энергетика және ядролық қауіпсіздікті қоса алғанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен байланысты трансұлттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстан жеке тәжірибесіне қарай отырып, осы салаларға назар аударады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар