Ел игілігі жолындағы елеулі еңбектің лайықты қайтарымы

Облыс әкімі Сергей Кулагин 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін бір топ журналис-тер мен сала ардагерлерін марапаттады.

Салтанатты шараға облыстық басқарма басшылары мен облыстық, қалалық, аудандық газеттердің басшылары, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері қатысты. Өңір басшысы Сергей Кулагин журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, олардың еліміздің, облысымыздың дамып, өркендеуіне қосып келе жатқан үлестері зор екендігін атап өтті.
– Сіздер ауыр әрі қызықты мамандықтың иелерісіздер. Кәсіби жоғары біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында халықтың ақпараттану деңгейі артып, байланыс аясы кеңеюде. Өз басым орын алып отырған кемшіліктер туралы ашық жазылған сын мақалаларды дұрыс қабылдаймын. Сіздердің қаламдарыңыздан туған сараптама материалдар  кейбір мемлекеттік органдардың жіберген кемшіліктерін анықтап, дер кезінде жоюға көмектеседі. Сондықтан, алдағы уақытта да қаламдарыңыз қарымды, ақпараттарыңыз әрдайым шынайы әрі толымды болсын, – деді облыс әкімі Сергей Кулагин.
Облыс аумағында бүгінде 96 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп жұмыс істуде.  Оның 81-і баспа, 15-і электронды  ақпарат құралдары. Сондай-ақ, республикалық БАҚ-тың 23 меншікті тілшісі еңбек етуде.  Мемлекеттік БАҚ өңірдегі ақпарат кеңістігінің 45 пайызын қамтиды.  
Байланыс және ақпарат қызметкер-лерінің кәсіби мерекесіне орай, бірқатар журналистер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан облыстық «Алтын қалам» байқауының жүлдесімен марапатталды. Байқауға облыстағы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері мен ардагер журналистер  бірнеше номинация бойынша қатысқан болатын. Марапатталғандардың арасында облыстық «Арқа ажары» газетінің жауапты хатшысы Асылай Айжарықова мен осы газеттің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі  Венера Есқақова да бар. Жиналғандар атынан еңбек ардагері, ақын Айдос Әбутәліпов, Целиноград аудандық «Ақмол ақпараты» газетінің редакторы Жанат Түгелбаев және Зеренді аудандық «Зерен» газетінің редакторы  Светлана Ким еңбектерін ескеріп, көрсеткен сый-құрметі үшін облыс әкіміне алғыстарын білдірді.
Журналистердің кәсіби мерекесіне арналған шара одан әрі «Дәстүр» мейрамханасында жалғасып, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов ақпарат саласының ыстығы мен суығына төзіп, еңбек етіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ардагерлерді құттықтай келе, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық басқармалар мен ведомстволардың атынан түрлі сыйлықтарға ие болған журналистер марапатталды.Олардың арасында Редакторлар клубының Алғыс хатын алған  газетіміздің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің сыйлығына ие болған экономика бөлімінің аға тілшісі
Аслан Оспанов бар. Ал, руханият бөлімінің меңгерушісі Қалкөз Жүсіп «Қазақстан Республикасы Баспасөз саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Шараның соңы таяуда өткен журналистер арасындағы «Екі жұлдыз» байқауының лауреаттары мен жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар