Дала жұмыстары жанданды

Жарқайыңдықтар  жылдағы дәстүр бойынша жазғы дала жұмыстарына да білегі сыбана кірісіп кетті. Қазір егістік алқаптарды өңдеу мен мал азығын дайындау бірінші кезекте тұр.

Мақсат – түпкі нәтижеге аз шығынмен қол жеткізу. Арамшөппен күресу үшін кейбір астық өндірушілер жердегі техниканы қолданса, авиация қызметін пайдаланушылар да бар. Мәселен, Зерноград селосында орналасқан «Пищепромторг» серіктестігінің алқабына Көкшетау әуежайынан «АН-2» ұшағы ұшып келді. Серіктестіктің директоры Иван Попов өз сөзінде бұл әуе отрядының қызметін он жылдан бері пайдаланатынын атап өтті.
Львов селосының сыртындағы «Осана Агро» серіктестігінің бригада қосына баратын жолда тракторлар көтерген шаң көрінді. Шаруашылық басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Алексей Пугачевтың айтуынша, бригада шөп шабуды бастапты. Қазір алқапта Владимир Васильев, Павел Одинцов, Владимир Бакшеев, Виктор Юрчило және Михаил Авижич тәрізді пішеншілер шөп шабуда.
– Биыл егілген екпешөп бітік шықты. Дала және 400 гектар алқаптағы судан шөбін жинап аламыз. Серіктестіктегі мал басының өсуіне байланысты 900 тонна шөп дайындауды межелеп отырмыз. Кейін өз еңбеккерлеріміз бен жергілікті село тұрғындарын шөппен қамтамасыз етеміз, – дейді шаруашылық басшысы. Львовтық пішеншілер бригадасында Евгений Андреевтің жұмысы бір үзілмейді. Ол алқаптағы барлық шөпті тасымалдап, маяларға салады. Кейін көктемге дейін  тұтынушыларға маялардан шөп босатады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар