Есіл қаласының солтүстік беткейіндегі көпқабатты үй көп жылдардан бері үңірейіп бос тұр еді. Биыл бұл үйді қалпына келтіру үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын Ермек Мырзахметов басқаратын «Тайыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Учаске басшысы Уәлихан Құрманғалиевтің айтуынша, құрылыс жұмыстарына 21 адам тартылған.
Олардың көбі жергілікті тұрғындар. Қазір Қанат Қанафин жетекшілік ететін тас қалаушылар бригадасы пәтерлер мен бөлмелер арасындағы қабырғаларды бұзып, қайтадан қалап жатыр. Қабырғалар ескі балшықтан тазартылуда. Балташылар еденді бұзып, шатыр салуда. Жертөле де су мен қоқыстан арылды. Тұрғын үй қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Есіл ауданы.