Осы күні бірді екі етіп, қолда бар құрал-жабдығымен күн көріп отырған кәсіп иелерін көргенде, ішің жылиды.

 Өз ісінің шебері

Сондай жандардың бірі таңның атысынан күн батып, қас қарайғанша көлік дөңгелектерін жөндеу кәсібін жанына серік қылып жүрген көкшетаулық Айдос Қыдырбаев дер едік. Ол жұмыс істейтін Уәлиханов көшесінің бойындағы орталықты осыдан 6 жыл бұрын жеке кәсіпкер Бақтияр Сейдахметов ашқан. Орталық жай күндері тәулігіне 20 көлікке қызмет көрсетсе, қыстың басы мен көктем айларында одан да көп болады.
Осы орайда,  көлік дөңгелектерінің ақауын ретке келтіретін өз ісінің шебері Айдостың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Оның осы кәсіппен айналысып жатқанына бес жылдың жүзі болыпты. Жұмыстың барлық кезеңінде өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жан бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқарып, клиенттерінің алғысына бөленуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар