Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілер табыс декларациясын толтыратын болады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілер табыс декларациясын толтыратын болады

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа өзі жетекшілік ететін министрліктің жұмысы туралы есеп берді. Бейнеконференция түрінде өткен есеп беру кездесуіне  облыстық әкімдіктің мәжіліс залында бірқатар департаменттер мен басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

Халыққа есеп беру кезінде Бақыт Сұлтанов  Қаржы министрлігінің қызметі туралы, оның ағымдағы міндеттері мен болашақ бағыттары жайлы егжей-тегжейлі айта келіп, министрліктің қызметі өте күрделі, сондықтан, оны бюджеттік тұрақтылық, қаржылық тәртіп, активтерді басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету және қаржы нарықтарын дамыту деп 5 негізгі блогқа топтастырып, әр блогтың жұмысына тоқталды. Одан кейін министр Қазақстан азаматының табысын ашық жариялауға арналған декларацияны толтыруға шақырды. Министрдің айтуынша декларацияны толтыру ешбір қиындық туғызбайды. «Қазіргі кезде осы мәселеге қатысты пікірталастар көп. Дегенмен, декларацияны енгізудің арқасында біз салық салудың әділ жүйесін қалыптастыра аламыз. Себебі, адамның табысы көп болса, бюджетке түсетін салықтың көлемі де көбейеді. Бюджетке салық аз түссе, мемлекеттің халықты қолдау шараларын жасауға деген мүмкіндігі төмендейді. Сол себепті, табыстың көлемі ашық болуы шарт. Қазіргі кезде декларацияны енгізуге қажетті барлық инфрақұрылым жасалды. Оны кез-
келген адам толтыра алады. Өйткені, дек-ларация бір беттен аспайды», – деп атап өтті министр.
Декларацияны толтыру жұмысы сатылап жүргізіледі. Келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметкерлер декларацияны толтырып, тапсыруы шарт. 2020 жылы бүкіл халық декларация толтыруға міндетті болады. Одан басқа министр еліміздің мемлекеттік қарызы бар 134 елдің ішінде қарыз көлемі жағынан 12-ші орында тұрғанын айтты. Борыштарды басқару ел бюджетінің маңызды орнықты өлшемдерінің бірі. Сондықтан, бұл бағытта  халықаралық тәжірибе бойынша қарыздың қауіпсіздігін білдіретін шекті мән белгіленген. Осыған сәйкес мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан аспауы керек, ал, оны төлеу мен пайыздарын жабу бағытындағы атқарылатын қызмет бюджет кірісінің 15 пайызынан аспауы тиіс. Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2016 жылдың 1 қаңтарында жалпы ішкі өнімнің 21,6 пайызына тең болды, оған қызмет көрсету 9,8 пайызды құрады дей келе, министр бұл шекті көлемнен біршама жоғары екенін айтып өтті.
Министрге сұрақ қоюшылардың ішінде жеке бизнесін бастамақшы болған жас кәсіпкер бизнесті дамыту бағдарламасы аясында 7 пайыздық несие алғысы келгенін, бірақ, банк қызметіне жүгінгенде, оған банк несиені 19 пайызбен береміз деп бетін қайтарғанын айтып шағымданды.   Министр бұл мәселені жеке бақылауына алып, тиісті көмек көрсетуге уәде беріп, мұндай мәселе туындамауы қажет деді. Себебі, бүгінде отандық бизнесті дамыту мақсатында ел бюджетінен қыруар қаржы бөлініп отыр. Ол ақша  «Даму» қоры арқылы төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі.

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар