«Достар» мәдениет сарайында жастар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасында оқу орнын тәмамдаған түлектерді жұмыспен қамтуға баса назар аударылған.
Бағдарлама аясында өткізілген жәрмеңкеге 321 кәсіпорын өкілдері қатысты. Түлектерге мемлекеттік және жекеменшік жұмыс беруші ұйымдар 186 бос жұмыс орнын ұсынды. Білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты мамандықтарға сұраныстар көп болды. Негізінен логопед, бастауыш сынып, ағылшын және қазақ тілі мұғалімдері жетіспейді екен. Бұдан басқа инженер-құрастырушы, электрик, шаштараз да қажет. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 52 адам қатысты. Нәтижесі кейінгі уақытта белгілі болады.
Аққу ЖАҚСЫЛЫҚ.