Елдікке бастайтын тірегіміз

Құрметті ақмолалықтар!
Мемлекетіміздің айтулы мерекелерінің бірі – Астана күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Барша қазақстандықтар үшін бұл ерекше мәні бар айрықша мереке болып табылады. Бүгінгі Астана тәуелсіз еліміздің рәмізі іспетті және ол ірі экономикалық, саяси, мәдени орталық болып отыр.
Еліміздің бас қаласы батыл да қайталанбас сәулет өнерінің тамаша нұсқаларын бойына жинақтаған халқымыздың мақтанышына айналғаны шындық және мұның бәрі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен, нақты идеяларымен жүзеге асқандығын атап өтуге тиіспіз.
Елордамыз – әлемдегі ең сәулетті, көрікті және жас қалалардың бірі. Соған орай, сәулетті шаһарды көргісі келетін шетелдік туристер мен қонақтар да аз емес, сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі айтулы шаралар да жиі өткізіліп тұрады. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өтетіндігі еліміздің бас қаласын әлемдік қауымдастықтың танығандығын айғақтайды.
Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан орасан зор биіктерге қол жеткізді. Мұндай толағай табыста биыл құрылғанына 18 жыл толып отырған  бас қаламыз – Астананың қосқан үлесі қомақты. Осы қысқа мерзім ішінде ол даңқты да бай тарихи жолдан өтіп, еліміздің дамуында бейбітшілік пен ынтымақтың, өсіп-өркендеудің қайнар көзіне айналды.
Бүгінгі күні Елордамыз қалыптасу мен ырғақты дамудың бейнесі ретінде әлем алдында асқақ абырой-беделге ие. Таяуда ғана Орта Азия елдерінің арасында тұңғыш болып тәуелсіз республикамыздың Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы осыны айғақтайды. Бұл шын мәніндегі еліміздің  тарихи маңызды жетістігі, өйткені, республикамыз әлем қауымдастығының ең өзекті мәселелерін шешуге белсене араласатын болады.  
Бүгінгі таңда еліміздің алдында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының  2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында белгілеген міндеттерді орындау бағытында ауқымды да кең шаруаларды атқару міндеті тұр. Дәл қазіргі күні еліміздің экономикалық даму қарқыны сондай биік міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тұғырнаманы толық қалыптастырды деуге
негіз бар.

Қадірлі жерлестер!
Мен баршаңызды бүгінгі тамаша мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сүйікті
Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп, өркен жая беруі жолында әрдайым биіктерден көріне берейік дегім келеді.
Бүгінгі айтулы күні барлық ақмолалықтардың атынан Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін ойымызға алған барлық арман-мақсаттарымыз орындалып, әрдайым биіктерінен көрінейік.
Біздің жас, болашаққа нық сеніммен қарайтын бас қаламыз одан әрі өркендеп, баршамызды бірлік пен ынтымаққа ұйытып, әлемдік қауымдастықтағы орны нығая бергей!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Құрметті, ақмолалықтар!
Баршаңызды бүгінгі айтулы күн – еліміздің бас қаласы Астананың туған күнімен құттықтаймын!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұйымдастыруымен көпұлтты Қазақстан халқының табанды да ерен еңбегінің арқасында Елордамыз қысқа мерзім ішінде бой көтеріп, әлемнің ең көркем де сәулетті шаһарларының біріне айналды. Біз тәуелсіздігімізді алған 25 жылдың ішінде еліміздің Орта Азия мемлекеттерінің көшбасшысы дәрежесіне жетіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызды органына мүше болып сайланғандығын  мақтаныш етеміз.
Бүгінгі Астана – әлемдегі ең көрікті, өзіндік сәулетімен, бет-бейнесімен жұртшылықты тамсандырған таңғажайып қала. Биылғы жылғы төл мерекесін де Елордамыз зор экономикалық және әлеуметтік даму үстінде қарсы алғалы отыр.
Біздің жас, болашаққа нық сеніммен қадам басқан Астанамыз одан әрі гүлденіп, жайнап жақсара түссін, әлем қауымдастығы алдындағы абырой-беделі биіктеп, баршамыздың мақтанышымыз бола бергей.
Баршаңызға мықты денсаулық, өмірде бақыт, еңбекте табыс тілеймін! Әр отбасында береке-бірлік орнап, тәуелсіз Қазақстанымыз, сәулетті Астанамыз гүлденіп көркейе берсін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар