Иван Иванович Тимошенко

2016 жылдың 4 шілде күні тоқсанға қараған шағында белгілі қоғам қайраткері Иван Иванович Тимошенко өмірден өтті.
Иван Иванович 1927 жылы бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Красноармейск ауданындағы Многоцветный селосында өмірге келген. 1944 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер.  
Ол 1943 жылдан бастап ұжымшарда еңбек етті, кейін 1946-1947 жылдары Қарағанды қаласындағы Горбачев атындағы шахтада жұмыс істеді. Партия органдарындағы қызметін 1952 жылы аудандық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы болып бастады. Кейін Ерейментау және Есіл аудандық партия комитеттерінің екінші және бірінші хатшысы болып қызмет істеді. Целиноград облыстық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
Москва қаласындағы политехникалық институттың сырттай бөлімін бітірген соң, Алматыдағы жоғары партия мектебіне түсіп, оқу орнын сәтті аяқтап шықты. 1973 жылы еңбекші депутаттары облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1974 жылдан 1997 жылдың желтоқсан айына дейін, зейнет демалысына шыққанша 14 жыл бойы Целиноград облыстық партия комитетінің хатшысы болды.
Отан алдындағы еселі еңбегі еленіп, Иван Иванович Ленин, үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еселі еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» және басқа да медальдармен марапатталды.
Иван Иванович Тимошенко еңбек еткен жылдары өзін талантты басшы және ұйымдастырушы, шаршап-шалдығуды білмейтін қызметкер ретінде көрсете білді. Әрдайым іске деген ынта-ықыласы, іскерлігі мен талапшылдығы, кез-келген шаруашылық мәселелерін шешуге шығармашылықпен қарай білетін мұқияттылығымен өзгелерге үлгі-өнеге болды. Ол өте беделді адам еді, танып-білгендер ерекше құрмет көрсетіп сыйлайтын.   
Иван Иванович Тимошенконың абзал тұлғасы біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады.

Ақмола облыстық әкімдігі.
Ақмола облыстық мәслихаты.
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар