Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пәтер мен емхана қуанышы - АРҚА АЖАРЫ

Пәтер мен емхана қуанышы

КӨКШЕТАУ. Облыс әкімі Сергей Кулагин «Жансая» тұрғын үй кешенінде пайдалануға берілген 30 пәтерлі үйдің тұрғындарына жаңа пәтердің кілттерін тапсырды.

Облыс әкімімен бірге, қуаныш иелерін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалының директоры Айбас Жарқымбаев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолда-уында халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі басты орын алады. Қазіргі таңда «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында үй кезегінде тұрған салымшылардың баспанаға қол жеткізуі зор қуаныш. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Бүгінгі мереке күні қарсаңындағы қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін, – деді өз сөзінде облыс әкімі.
Бұл жолы пәтер кілттері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына табыс етіліп отыр. Аталған бағдарлама бойынша өткен жылы облыс орталығында барлығы 21 мың шаршы метр баспана берілсе, биылғы жылдың басынан бері  бұл көрсеткіш 75,4 мың шаршы метрге жеткен. Оның 6 мың шаршы метрі немесе 90 пәтері тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған. Жыл соңына дейін 500 пәтерді қоныстанушыларға беру  жоспарлануда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

 

ЗЕРЕНДІ. Облыс әкімі Сергей Кулагин жаңадан салынған аудандық емхана мен Троицк селолық дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен тұрғындарды осынау қуанышты қос оқиғамен құттықтады.

 

Тәуелсіздік алғалы 25 жылдың ішінде елімізде талай-талай игілікті істің басы қайырылып, жүздеген әлеуметтік өндірістік нысандар бой көтеріп, халыққа пайдалануға беріліп келеді. Бүгін де ауданда қос бірдей денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліп, халықты зор қуанышқа бөледі.
Соның бірі – 250 келушіге арналған емхана. Облыс басшысы аудан тұрғындарының осы қуаныштарына ортақтасып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, қазіргі заманға сай медициналық құралдармен жабдықталған жаңа әрі әсем ғимараттың ішкі бөлмелерін аралап көріп, жоғары білікті дәрігерлердің тапшылығы мәселесіне де назар аударды.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Банұржан Жаңғаловтың айтуына қарағанда, медициналық мекемеде функционалдық диагностика, рентгенологиялық, эндоскопиялық, физиотерапиялық, акушер-гинеколог кабинеттері жұмыс істейді.
Жаңа емхананың лентасын медицина саласының елімізге танымал ардагері Серік Ыбраев пен жас маман, эндокринолог Алена Панферова (суретте) қиды. Салтанатты шарада облыс әкімі Сергей Кулагин:
–Астана күні – зеренділіктер үшін ерекше қуанышты күн болып отыр.  Аудан тұрғындары енді жаңа емханаға барып көрінетін болады. Барлық медициналық құрал-жабдықтар заманауи талапқа сай. Бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында түзілген «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» тәрізді мемлекеттік бағдарламалардың септігімен жүзеге асырылып отыр – деді. Сонымен қатар, аймақ басшысы Троицк селосында 25 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Аталған медициналық нысанды салу үшін бюджеттен 116 миллион теңге қаражат бөлінген. Енді бұдан былай 2700 тұрғыны бар село тұрғындары аудан орталығына сабылмай осындағы жергілікті дәрігер мамандарға қаралмақ. Дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көлігі де бар.
Жұмыс сапарында Троицк орта мектебі де назардан тыс қалған жоқ. Білім ордасының жұмысымен танысқан аймақ басшысы жаңа оқу жылына мектептің әзірлігін сұрап біліп, кейбір кемшіліктерді жою туралы аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар