Көптің тілегі – ізгілік пен бірлік

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы Науан Хазірет атындағы орталық мешітте болып, Ораза айты намазына жиналған жамағатты ислам дінінің ізгі мейрамымен құттықтады.

Облыс әкімімен орталық мешітте облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары және Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды. Қасиетті  Рамазан айы да аяқталып, мұсылмандар үшін ұлық мерекелердің бірі саналатын Ораза айты басталды. Таңертең Науан Хазірет атындағы орталық мешітке айт намазына жиналған адамдар көп болды. Облыс басшысы жиналған жамағатты Ораза айтымен құттықтады. «Біздің еліміздің басты байлығы – бірлігіміз бен татулығымыз. Мұның бәрі Елбасымыздың бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында қол жеткен жетістік. Осындай саяси және әлеуметтік тұрақтылығымыздың арқасында еліміз экономикалық жағынан қарқынды дамып келеді. Біздің облысымызда Астана күні қарсаңында көптеген жаңа әлеуметтік, өндірістік нысандар ашылып, іске қосылуда. Кеше ғана Зеренді ауданында жаңа емхана ашылса, Көкшетау қаласының біраз тұрғындары жаңа пәтерге ие болып, қуанышқа кенелді» – дей келе, облыс әкімі қол жетіп отырған осындай жетістіктердің бәрі еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың арқасы екендігін айтты және адамдарды бірлікке, қайырымдылыққа бастайтын ислам дінінің рөлін атап өтті. Рамазан кешірім айы екендігін, өңірімізде қайырымдылық шараларына белсене қатысатын кәсіпкерлердің аз еместігін тілге тиек етіп, жиналған қауымға Ораза айтында игілік пен жақсылық, береке-бақыт тіледі.
Бұдан кейін облыстың өкіл имамы Қанат Қыдырмин жиналған қауымды құттықтап, одан әрі имамның жетекшілігімен айт намазы басталды. Айт намазынан кейін мешітте кішкентай балалар мен ата-аналарына арнап айт дастарханы жайылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар