Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметші осы атқа толық сай болуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметші осы атқа толық сай болуы тиіс

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік қызметтің әлемдік стандартқа сәйкес жаңа институттары мен тетіктері енгізіліп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында осындай алғашқы талаптардың бірі ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратты құру міндеті қойылған болатын.

Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі құрыла бастады. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» және «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңдары күшіне енді. Мемлекеттік қызметтің негізгі талаптарының бірі мемлекеттік қызметшінің жеке еңбегі мен абыройына орай және кәсіби дайындығын ескере отырып, қызмет баспалдақтары бо-йынша ілгерілету болып табылады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі діңгегі Әдеп жөніндегі кеңестерге беріліп отыр. Кеңестің атқаратын ісінің бірі – жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу, осы бір келеңсіз көрініске жол бермеу. Сондай-ақ, кеңес жемқорлық нышаны көрініс берген тұстарды түбегейлі талдап, қорытынды шығарады әрі мемлекеттік органдардың жұмыс жүйесіне ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілді. Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшілердің бірден-бір негізгі міндеті. Осы талап жүзеге асқанда ғана мемлекеттік қызметтің беделі биіктеп, оған деген сенім де күшейеді. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің болмысын қызмет және қызметтен тыс уақытта да назардан тыс қалдырмайды. Жалпыға бірдей қалыптасқан стандарттар шеңберінде қызмет істеу мемлекеттік аппаратқа деген ел тұрғындарының берік сенімін нығайтады. Бұл дегеніңіз әрбір мемлекеттік қызметшінің Елбасы қойып отырған міндет үдесінен табылуы.
Облыстық кеңес құрамы жекелеген мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, мәслихат депутаттарынан, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралып отыр. Жыл басынан бері кеңес бес мәрте отырыс өткізіп, лауазымды тұлғаларға қатысты 17 тәртіптік іс қарады. Кеңес жұмысының қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің ағаттықтарына орай, лауазымына сәйкес келмейтіндігі немесе қызметіне толық сәйкес келмейтіндігі туралы шешімдер шығарылды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында қоғамға жат қылық көрсету оқиғалары жасыратыны жоқ, кездесіп қалады. Мұндай фактілер, әрине, мемлекеттік қызметшілер туралы қоғамда теріс пікір қалыптастырады. Қазақстан халқына қызмет етуді жан-тәнімен қалаған мемлекеттік қызметшілер өздерінің мінсіз мінез-құлқымен, жарқын ісімен, өміршең өнегесімен, пайымды парасатымен өзгелерге үлгі болуы керек. Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда ішімдік ішіп көзге түсуі тіпті адам төзбес жағдай. Мұны  өздерінің бойларындағы қасиеттерінің қандай екендігін көрсету деп бағалаған жөн. Осындай әдепсіз әрекеттері үшін үстіміздегі жылдың мамыр айында ауылдық округ әкімдерінің бірі қызметінен босатылды.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзіне сын айтқандарды қудалау мысалдары да кездеседі. Мұндай фактілерді Әдеп жөніндегі кеңес дер кезінде анықтап, тиісті шараларды жүзеге асырып отырады.
Сөз соңында мемлекеттік қызметшінің кәсіби біліктілігімен қатар, адалдығы мен қарапайымдылығы, әділдігі мен ақиқатшылдығы да көзге көрініп тұруы керектігін айтқым келеді. Сонымен бірге, ол жалпыға бірдей моральдық әдеп нормаларын бұлжытпай, қатаң сақтауы керек.
Қадырхан ОТАРОВ,
облыс әкімінің бірінші орынбасары,
Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар