Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 игі іс» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының Қазталов аудандық əкімдігі мен аудандық ішкі саясат бөлімі «Ақжайықтан – Арқаға!» атты акция ұйымдастырған екен. Өткен аптада осы акцияға қатысушылар Көкшетауға келді.
Жеңіл автокөлікпен шілденің аптабында үш күндік жол жүріп, шаршап келсе де, Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев бастаған меймандардың көңілі көтеріңкі екені байқалды. Жол бойында тарихи жерлерге тоқтап, тың деректер іздеп, əр өңірдің тұрмыс-тіршілігімен танысып келе жатқан олар Көкшетаудың көркем табиғатын тебіреніспен атап өтті. Қонақтар Абылай хан орда тіккен Бурабайға барып, оның тарихымен танысыпты. Келесі күні Көкшетау қаласында орналасқан облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясына ат басын тіреді. Газет ұжымымен кездесіп, келген мақсаттарын айтып, редакцияға Ақжайық өңірі жайында тарихи- танымдық кітапты сыйға тартты. «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа өз кезегінде меймандарға газеттің тарихы мен осында əр жылдары жұмыс істеген бас редакторлар мен аға журналистер жайында əңгімелеп берді. Сонымен қатар, дауыл- паз ақын, мемлекет қайраткері Сəкен Сейфуллин негізін қалаған осы газетке келесі жылы 100 жыл толғалы отырғанын айтып, меймандарға сый- сияпат жасады. Қонақтар редакцияның құрметті меймандар кітабында қолтаңбаларын қалдырды. Бұдан соң делегация облыстық ішкі с аяс ат басқармасының басшысы Айна Мысырəлімованың қабылдауында болды. Айна Ермекқызы келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, облысымыздағы тəуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан шаралар жайында айтып берді. Бұдан кейін қонақтар облыстық тарихи-өлкетану жəне Мəлік Ғабдуллин музейлерін аралап көріп, алған жақсы əсер, жылы естеліктерімен қайтадан жолға шықты.
Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 игі іс» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының Қазталов аудандық əкімдігі мен аудандық ішкі саясат бөлімі «Ақжайықтан – Арқаға!» атты акция ұйымдастырған екен. Өткен аптада осы акцияға қатысушылар Көкшетауға келді. Жеңіл автокөлікпен шілденің аптабында үш күндік жол жүріп, шаршап келсе де, Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев бастаған меймандардың көңілі көтеріңкі екені байқалды. Жол бойында тарихи жерлерге тоқтап, тың деректер іздеп, əр өңірдің тұрмыс-тіршілігімен танысып келе жатқан олар Көкшетаудың көркем табиғатын тебіреніспен атап өтті. Қонақтар Абылай хан орда тіккен Бурабайға барып, оның тарихымен танысыпты. Келесі күні Көкшетау қаласында орналасқан облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясына ат басын тіреді. Газет ұжымымен кездесіп, келген мақсаттарын айтып, редакцияға Ақжайық өңірі жайында тарихи- танымдық кітапты сыйға тартты. «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа өз кезегінде меймандарға газеттің тарихы мен осында əр жылдары жұмыс істеген бас редакторлар мен аға журналистер жайында əңгімелеп берді. Сонымен қатар, дауыл- паз ақын, мемлекет қайраткері Сəкен Сейфуллин негізін қалаған осы газетке келесі жылы 100 жыл толғалы отырғанын айтып, меймандарға сый- сияпат жасады. Қонақтар редакцияның құрметті меймандар кітабында қолтаңбаларын қалдырды. Бұдан соң делегация облыстық ішкі с аяс ат басқармасының басшысы Айна Мысырəлімованың қабылдауында болды. Айна Ермекқызы келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, облысымыздағы тəуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан шаралар жайында айтып берді. Бұдан кейін қонақтар облыстық тарихи-өлкетану жəне Мəлік Ғабдуллин музейлерін аралап көріп, алған жақсы əсер, жылы естеліктерімен қайтадан жолға шықты.
Мерген Тоқсанбай.