Енді азаматтық қорғаныс колледжі

«Көкше» академиясы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі болып қайта құрылды. Бұл туралы академияның мəжіліс залында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Конференцияға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырəлімова қатысты.

Баспасөз конференциясын оқу орнының ректоры Шоқан Қасым ашып жүргізді. Ол академияны азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі етіп қайта құру – заман талабы екенін атап өтіп, Ел- басы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы 2017 жылдан бастап «Барлығына тегін кəсіби-техникалық білім беру» жобасын алғаш орындап жатқан еліміздегі бірден-бір оқу орны екендігіне тоқталды. Колледжде өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайда қорғау, тіршілік қауіпсіздігі жəне валеология, жерге орналастыру, құқықтану, есеп жəне ау- дит, экономика, ақпараттық жүйелер, орман шаруашылығы, бақша-саябақ жəне ландшафт құрылысы, бейнелеу өнері мен сызу, дене тəрбиесі жəне спорт сияқты мамандықтар бо- йынша білім береді. Колледждің материалдық-техникалық базасы жөнінде бейнебаяндар мен слайдтар бойын- ша егжей-тегжейлі əңгімелеп берген Шоқан Қасым білім ордасында екі оқу ғимараты, екі жатақхана бар екенін айтты. Сондай-ақ, колледж жанында қазақ бастауыш мектебі мен модульдік үлгідегі құрамдастырылған оқу- жаттығу кешені жұмыс істейді. Оқушылар үшін өрт апаттық-құтқару депосы, спорт залы жəне жеңіл атлетика манежі, кітапханалар, асханалар мен оқу əдістемелік орталығы, оқу-өндірістік шеберханалар, арнайы мамандандырылған кабинеттер, автопарк бар. Мұның бəрі оқушылардың сапалы білім алып, білімдерін тəжірибе жүзінде қолдануларына өте қолайлы. Шоқан Қасым академияда оқуын аяқтап үлгермеген студенттер Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жəне Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне өз таңдаулары бойынша ауысып жатқанын айтты. Ал, академияда қызмет етіп жүрген адамдардың дені колледжге ауыстырылып, кəсіби біліктілігі сай келмейтін мамандар басқа жаққа жұмысқа ауысып жатқанға ұқсайды. Сөйтіп, бұрынғы академия кəсіптік білім беретін колледжге айналып, қызметін одан əрі жалғастыратын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар