Толассыз жауған жаңбырдың ара-арасында

ауыл еңбеккерлері егістік алқаптарын өңдеп, пішен қорын молайтуда

О б л ы с т ы қ а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы басқармасының мәліметіне жүгінсек, биылғы жылы облыс бойынша 3 миллион 887 мың 400 гектар алқапты химиялық жолмен өңдеу жоспарланған. Бұл жұмысқа төрт жүзге жуық дәрі сепкіш агрегат, 68 аэрозолдық генератор, 29 ұшақ пен дельтоплан тартылды. Дәрі сепкіш агрегаттармен 3 миллион 789 мың 600 г ектар алқапқа және ұшақтармен 578,4 мың гектарға әртүрлі химиялық препараттар сіңірілді. Сөйтіп, өңірдегі астық а лқапт арын химиялық жолмен өңдеу жұмыстарының 112,4 пайызы орындалды. Ерейментау, Есіл, Шор- танды және өзге аудандар өздері межелеген көрсеткіштерінен көрінсе, Атбасар, Бұланды, Егіндікөл, Еңбекшілдер, Жарқайың аудан- дары жоспарларын асыра орындауда. Жақсы ауданының диқандары жоспарланған алқапты химиялық жолмен толық өңдеді. Өңірде пар өңдеу жұмыстары толық аяқталғанын атап өткен жөн. Биыл өңірдің пішеншілері 1 миллион 60,3 тонна шөп дайындауды жоспарлаған. Бұл мал азығының біржылдық қоры. Әзірше 502 мың 500 тонна шөп маяларға салынды. Бұл бағытта Шортанды, Жақсы және Есіл аудандары пішеншілерінің қимылдары ширақ. Бұланды ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Амангелді Кәмелиновтың айтуынша, бүгінгі таңда бұл ауданның диқандары 191 мың гектар алқапты химиялық жолмен өңдеген. Бұл жұмысқа 3 ұшақ, 33 дәрі сепкіш агрегат тартылды. Жоспар 104 пайызға орындалса да, дәрілеу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Аудан бо- йынша пар өңдеу жұмысы толық аяқталды. Биылғы жылы бұландылықтар 48 мың 800 тонна шөп дайындауды жоспарлаған. Әзірше 17,5 мың тонна шөп маяларға салынды. Мал азығының біржылдық қорын дайын- дауда «Журавлевка-1» және «Новобратский» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері пішеншілерінің қимылдары ширақ. «Джон- дир», «Алагро» техникаларын тізгіндеген «Журавлевка-1» серіктестігінің диқандары 53 мың гектар алқапты химиялық жолмен өңдеді. Оның ішіндегі 18 мың гектары үш ұшаққа тиесілі. «Новобратский» серіктестігінің пішеншілері 150 тонна шөпті маяларға сал- ды. Сондай-ақ, шаруашылық диқандары 25 мың гектар алқапты химиялық жолмен өңдеп үлгерді. Бұл жұмысқа Виктор Музыка, Ни- колай Катасонов, Василий Заеминнің брига- далары мен 6 дәрі с епкіш агрегат тартылды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар