Бурабай баурайындағы триатлон жарысы

Өткен жексенбі күні көрікті Бурабай баурайында тұңғыш рет əуесқой триатлоншылар арасында Қазақстан біріншілігі болып өтті. Сайысқа Ресей жəне Қырғыз елдерінен келген спортшылар да қатысып, барлығы жүзден астам əуесқой триатлоншы жарыс жолына шықты.

Қазақстанда осы спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген біріншілікке кез-келген адамның қатысуына мүмкіндік берілді. Əуесқойлар арасындағы жарыс деген аты болмаса, қатысушыларға қойылатын талап жоғары болды. Жарысқа қатысушы 750 метр ашық аспан астындағы суда жүзіп, 25 шақырым велосипедпен, онан əрі 5 шақырым жолды жүгіріп өтуі тиіс. Əрине, мұндай талап деңгейінен көріну үшін біршама дайындығы бар адам болуы қажеттігі белгілі. Яғни, жарысқа спортты серік еткен адамдар қатысты. Б і р і н ш і л і к т і ң б а с т ө р е ш і с і Т е м і р ж а н Əбдірахмановтың айтуынша, түрлі жас мөлшеріне сай топтарға іріктеліп өткізілген жарыс жеңімпазы р е с п у бл и к а ч е м п и о н ы ат а ғ ы н а л а д ы . О л болашақ олимпиада чемпиондары дəл осындай жарыстар арқылы іріктеліп шығатынына сенімді. Ал, жарысқа қатысқан астаналық тау шаңғысы спортының бапкері Роман Казимирчук триатлон күштілер мен шыдамдылардың спорты екендігін айтып, бұл біріншілік елімізде спорттың осы түрін дамытуға игі ықпалын тигізеді деген сенімін білдірді. Жарыс қорытындысына сай жас мөлшеріне орай іріктелген топтар бойынша қырыққа тарта қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Жарыс жеңімпаздарының бірі Александр Автушко Бура- байда өткен триатлон біріншілігін «бұл нағыз спорт мерекесі болды» деп бағалады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар