Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы - АРҚА АЖАРЫ

Жер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Өткен сенбі күні Астанада Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы комиссиясының кезекті отырысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша нақты заңнамалық ұсыныстар талқылауға шығарылды.

«Біз осы таңға дейін Жер реформасы комиссиясының Елордадағы және өңірлердегі жиындарын өткіздік. Бүгінде жер реформасын- да туындап отырған мәселелерді екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, саяси мәні бар, яғни, жерді шетелдіктерге жалға беру, қазақстандықтардың иеленуі сынды мәселелер. Оларға қатысты барлық аймақтарды аралап, халықпен кеңесіп, жан-жақты ұсынымдарды жинай отырып, көпшілік болып шешім қабылдау керек екендігі белгілі. Екіншісі, ағымдағы, көзге көрініп тұрған, шешілу жолдары айқын мәселелер. Бұған жерлерді берудің шекті мөлшерін белгілеу, қоғамдық бақылауды күшейту, ауыл маңындағы жайылымдық жерлердің берілу тәртібі жатады. Бүгін осын- дай нақты бағыттардағы бірнеше ұсынысты талқыға шығарып отырмыз», – деп атап өтті А.Мырзахметов. Жер реформасы бойынша комиссияның штаб жетекшісі Е.Нысанбаев ең әуелі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге беруді жалғастыра отырып, бірінші 5 жылдықта жыл сайын мониторинг жүргізуді енгізіп, жалға беру институтын сақтап қалуды және әрбір 3-5 және 7 жылдар кезеңінде мониторинг жүргізуді ұсынды. Ол өз сөзінде, Жер кодексінде ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру тәртібін регламенттейтін жаңадан жеке бап енгізуді қарастыру керектігін атап өтті. Бұл үдеріс ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде беріп, жер бөлу жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қосу арқылы іске асырылмақ. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруде олардың шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу керектігі айрықша аталды. Әрбір әкімшілік аудандар және республика бойын- ша қазақстандықтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларында жалда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы жерлерінің түрлері бойын- ша шекті мөлшерлерін бекіту аса маңызды. Сол себепті, ауыл шаруашылығы жерлерінің жергілікті жағдайы мен ерекшеліктерін, сапалық сипаттамасын есепке алып, шекті мөлшерін анықтау қажет. Бұл жағдай бір қолға ірі көлемдегі жердің шоғырлануына жол бермеуге тиіс. Үшінші өзекті бағыт ретінде аймақтардағы жерлердің пайдаланылу ерекшеліктеріне бай- ланысты мемлекеттік шекараның аймағынан қазақстандықтарға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шеңберін (радиусын) анықтау мәселесі талқыға түсті. Ұсынылған тағы бір мәселе – халықтың қажетіне арнап пайдаланылатын және елді мекендердің жанындағы жайылымдық, шабындық алқаптарды жекеменшікке және жалға беруге тыйым салу мәселесі болды. Яғни, елді мекендер маңайындағы жерлерден халықтың қажеттілігіне керек жайылым мен шабындық жерлердің шеңберін анықтау керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар