Өрттен құтқарушылар сайысы

 Көкшетауда VI жазғы өрттен құтқару спорты бойынша жарыс болып өтті. Оған Тараз жəне Шымкент арнайы мамандандырылған колледждерінің спортшылары, Астана, Алматы қалалық жəне аймақтық төтенше жағдайлар департаменттерінен барлығы 18 команда қатысты.

  Екі күнге созылған жарыс барысында коман- далар төрт кезең бойынша сайысты. Жарыста спортшылар жоғары дайындықтарын, жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Трибунадағы көрерменнің назары көбіне жауынгерлік өрістету жарысына ауып отырды. Онда команда мүшелерінің ортақ жеңіске жету жолындағы бірлескен əрекеттері сынға түседі. Жауынгерлік өрістету бойынша Астана қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Оңтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды, ал, жүлделі үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы иеленді. Шабуыл баспалдағы арқылы көтерілу сайысында ересектер арасындағы кіші жас тобында бірінші орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Ро- ман Андрющенко, екінші орынды Ақтөбе облысынан келген Артем Волынский, үшінші орынды маңғыстаулық Дəурен Құсманов жеңіп алды. Орта жас тобында шабуыл баспалдағы арқылы оқу мұнарасының 2-ші қабатына көтерілу жарысында бірінші жəне екінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Валентин Мешков пен Мұрагер Асылов иеленсе, үшінші орынды Жамбыл облысынан келген Никита Абалакин қанжығасына байлады. Ересектер тобында шабуыл баспалдағы арқылы оқу мұнарасының 2-ші қабатына көтерілу жа- рысында бірінші жəне екінші орынды Шығыс қазақстандық Мақсат Романов пен Дмитрий Снегирев олжаласа, үшінші орынды Тараз мамандандырылған колледжінің спортшысы Владимир Сухов иеленді. Екі күнге созылған жарыс қорытындысында Оңтүстік Қазақстан облысының командасы абсалютті жеңімпаз атанды. Екінші жүлделі орын Шығыс Қазақстан облысының командасы- на бұйырды. Үшінші орында Батыс Қазақстан облысы. Чемпионаттың жабылу рəсімінде жарыстың бас төрешісі Дəурен Данаев спортшылардың чемпионатқа жақсы дайындықпен келгендігін жəне бар күш-жігерлерін салып аянбай өнер көрсеткендігін айтып, қатысушыларға алғысын білдірді. Жүлделі орындарға ие болған командалар мен жеке спортшыларға кубоктар, грамоталар жəне естелік сыйлықтар тапсырылды. «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар