АРҚАНЫҢ АРҚАЛЫ АҚЫН ҚЫЗЫ

Рысты Шотбаева Қараөткел өңірінің мақтанышына айналған, соңында мол əдеби мұра қалдырған қалам иесі. Таяуда Сабынды ауылында ақын апамызды еске алу кеші болып өтті.

К е ш т і ұ й ы м д а с т ы р ғ а н қорғалжындық өнерпаз Бөлеген Тыныбеков. Ұйымдастырушылық деңгейі жоғары болғандықтан ба, Сабынды мектебіндегі мəдени шара қызықты жəне тартымды өтті. Əнмен, бимен өрілген жа- расымды əңгіме жалықтырмай, жұртты тарта түсті. Қорғалжын өнерге бай ел. Ағайынды өнерпаз жігіттер Мақсат пен Қанат Аб- зеловтар тойдың сəнін келтірді. Жергілікті композитор Марат Əлімжановтың «Қорғалжыным» əні кештің өзегіне айналғандай əсер қалдырды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рысты Шотбаева өмір бойы Ақмола облысының бір кездегі Сілеті ауданында тұрған кісі. Өскелең ұрпаққа тəлім-тəрбие бере жүріп, қолынан қаламын тастамай тер төкті. Бұл тура- лы Бөлеген аға ағынан жары- ла əңгімеледі. Ақынның 1973 жылы алғашқы тырнақалды еңбегі есебінде «Ереймен етегінде» кітабы жарық көріпті. Ақын апамыздың жазушылық қырының да осал болмағанын бірнеше драматургиялық туындылары- нан аңғаруға болады. Олардың қатарында «Енелер мен келіндер», «Егіз ұл», «Қасірет пен бақыт» пьесалары бар. Сатиралық шығармалары да өз алдына бір төбе. «Жалқаудың жазасы», «Көк қарындаш» сияқты туындылары кезінде оқырман тарапынан жоғары бағасын алған. Рысты апамыздың көптеген өлеңдер жинағы, поэмалары орыс тілінде басылып шықты. Ал, айтулы поэмаларының ішінен «Бөгенбай батыр», «Əділ үкім» сияқты ту- ындыларын ерекше айтуға бола- ды. Рысты Əбдірахманқызының туған өңірі Сабынды ауылы. Шырайы келіскен бұл кездесуде Сабындының төлтума азаматтары ақын апаларының елге жиі келгенін, еңбектерімен жұртқа танылған Тəттібала, Наталья Геллерт сияқты еңбек адамдары туралы да өлең- жырлар, мақалалар жазғанын мақтанышпен еске алды. Ол дүниелері кезінде облысымыздың м а ң д а й а л д ы г а з е т і « А р қ а ажарында» талай басылған-ды. Осы газетте Рысты Шотбаеваның б і р қ ат а р п о эма л а р ы н ы ң д а тұсауы кесіліпті. Алқалы жиында Қорғалжын аудандық мəдениет бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Шалғынбаев əдеби кешке жол ашқан ел аза- маттары мен ақынның балала- рына зор ризашылығын білдірді. Аналарының шығармашылық еңбегі жайлы Шолпан, Алма, Роза есімді қыздары, немересі Ақбота жерлестерімен сыр бөлісті. Тіпті, олар ақынның өзі шығарған бірнеше əндерін де орындап берді.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар