Тіл – достықтың тірегі

Мемлекеттік тілді өз ана тіліндей меңгеріп алған өзге ұлт өкілдерінің арасында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Снежана Кузнецова да бар.

  Жас ару Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледждің екінші курс студенті. Оның мемлекеттік тілге де- ген шынайы құрметі мен сүйіспеншілігі бала кезінен қалыптасыпты. Мектепті қазақ тілінде тəмамдаған, өз халқының мəдениетімен қатар қазақ халқының барлық əдет-ғұрпын санасына сіңірген. Бір қызығы, отбасы мүшелерінің ешбірі қазақша сөйлемейді екен. Анасы На- талья қызының тілді меңгеруге деген құлшынысын құптап, əрдайым көп тіл білгеннің ой-өрісі, дүниетанымы кең болатындығын айтып отырады. Осылайша Снежана өзінің қабілеттілігінің арқасында тілді тез меңгеріп алыпты. Алғашқы ұстазы Дəметкен Арыстанова оқушысының талабын қолдап, қарым- қабілетін жетілдіруге барынша көңіл бөліпті. Одан басқа, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Гүлжан Əлмағамбетова тіл ұстартуына елеулі үлесін қосқан. Талапты жас қазақтың бас ақыны Абайды сүйіп оқиды. Біршама өлеңдерін жатқа білетін ол «Абай оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Талай додаларда топ жарып жүрсе де əр байқаудың ол үшін жөні бөлек. Өйткені, ауданның үкілеген үмітін арқалап бару оңай емесі анық. Адамды орта тəрбиелейді ғой. Оның құрбылары да қара көзді Ажаргүл, Гүлімай жəне Ботагөз есімді аруларымыз. Кез- дескенде қазақша шүйіркелесіп, оқыған кітаптары жөнінде ой бөліседі екен. Тілі жатық, қазақшаны қайсыбір қазақтардан артық сөйлейтін Снежана мемлекеттік тілді əрбір қазақстандық меңгеруі тиіс деп біледі. Ол халықтың мəдениеті, салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрпын білу тіл арқылы жүзеге асатынын айтады. – Мен үшін қазақ тілі əлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, ажарлы тілдердің бірі. Сол себепті, əр еліміздің патриоты тіл жанашырлары қатарынан табылғаны дұрыс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі баршаны біріктіретін, жас- т а р д ы ж а қ ы н д а с т ы р ат ы н т ат ул ы қ тіліне айналуы тиіс» деген сөзімен толықтай келісемін. Сонымен бірге, қазақ əдебиетінің жауһарларын оқыған адам тілді тез меңгеріп алуға бір табан жақын болатынын ескерген жөн. Оған қоса, бұл ұлттың мəдениетін түсінуге септесіп, жан дүниенің нұрлана түсуіне əсер етеді. Мен қазақ тілін білгенімнің арқасында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен аудармасыз танысқаныма қуаныштымын, – деп Снежана ағынан жарылды. Қазір е с епші мамандығының қыр-сырын үйреніп жүрген ару болашақта қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі болуды армандайды. Сол себепті, ұдайы өзін-өзі жетілдіреді. Қазақ тілінде газет-жур- налдар жəне кітаптар оқиды. Осылай- ша ол мемлекетік тіліміздің мəртебесін асқақтатпақ. Сөзбен емес, əрине, іспен.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар