Ауылдастары Мәдина дейді

Вера Аманжолованың ұлты украин. Тың игеру басталмай тұрып, ата-анасымен Украинадан Зеренді ауданына қарасты Игілік ауылына көшіп келіпті.

Сол кезде небары 14 жаста екен. Алайда, заман ерте есейтіп, бұғанасы қатпай еңбекке араласқан көрінеді. Бүгінде Вера əже жетпіс бес жастың биігіне шықса да, өзін əлі тың сезінеді. Сөзі ширақ, ойы жинақы. Балалық шағын күрсіне еске алады. Сол қиын қыстау кезеңде жас қыз мектепте еден жуушы, кейін колхозда бұзау бағушы, сауыншы бо- лып жұмыс істеген. Оқуын да аяқтай алмап- ты. Бар-жоғы төрт-ақ сыныптық білімі бар қыздың алдына қойған мақсаты аз емес-ті. Дегенмен, жоқшылық қол байлаған заманда, оған жету оңай болмаған. Қара жұмыс атаулының қай түрі бол- масын білек сыбана кірісіп, бар уақыты ертеңгі күннің қам-қарекетімен өтетін. Əрине, пенде болған соң қаншама жайтты бастан өткересің. Уақыт тұлпар зымырап, жыл артынан жыл өтіп жатты. Он сегіз жасында Омар Аманжоловқа тұрмысқа шығып, жеті бала сүйді. Отбасына Кене- сары ауылында үй беріліп, Вера əже үй шаруасымен қоса жұмысын қатар атқарып, кішкентай сəбилерін тəрбиеледі. Өткен өмірге ой жүгірткен əжей кішкентай кезінде қазақ жеріне көшіп келгеніне қуанатынын жасырмады. Оның айтуынша, ес білгелі қазақтардың арасында өмір сүрген соң тілді, салт-дəстүрлерді меңгеру оншалықты қиынға соқпапты. Ол халқымыздың ұлттық тағамдарының қай-қайсысын болмасын да- йындауда алдына жан салмайды. «Қонақ келсе – құт» деп білетін əжей əр мейманға ақ дастархан жайып, айрықша ілтипат көрсетеді. Əсіресе, ауылдың жеткіншектері оның əзірлеген құртын сүйсініп жейтін көрінеді. Қазір мал ұстауға жағдайы болмаған соң қазақтың ұлттық сүт тағамдарын жасаудан да қол үзіп қалған. Əңгіме арасында Вера əжей үлкен-кіші демей тұрғындардың барлығы оған Мəдина деп ат қойып алғанын күлімсірей жеткізді. – Маған сен украинсың деп ешкім бетіме басқан емес. Мен де өзімді украин емес, қазақтың қызымын деп санаймын. Əлбетте, қиын-қыстау кезде бауырларына басып, қолдау көрсеткен елге алғысым шексіз. Қазақтың бауырмалдығы, қонақжайлығы өзге халықтардан ерекшелеп тұратын асыл қасиет деп білемін, – деді ол. Ол əдемі қартаю үлгісін көрсетіп, немерелері мен шөберелерінің қызығын көріп отырған бақытты əже. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, шаңырақтың ал- тын діңгегі болып, барына тəубе етіп өмір кешіп келеді. Əрдайым елдің тыныштығы мен ұрпағының амандығын тілеп отырады. Ырысгүл Кенжебекқызы.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар