Барлығымызды ортақ мүдде біріктіреді

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған еркіндігіне жетіп, тарих сахнасынан өз орнын алды. Əлбетте, тəуелсіздік басымызға бірден қона қоймағандығын, оған жету үшін халқымыз талай тар жол, тайғақ кешулерден өткенін ұмытпауымыз керек.

Сонымен бірге, өсу мен өркендеудің əр белесін бағындырған қыруар жұмыстар атқарылды. Биылғы жыл атаулы даталарға жəне оқиғаларға толы жыл. Атап айтқанда, Жезқазған қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткен «Болашақтан естелік» халықаралық форумына қатысу мəртебе сі маған бұйырды. Бұл еліміздің тарихи жəне мəдени мұрасының орталығы санала- тын қасиетті Ұлытау жеріне алғаш аяқ басуым еді. Бойымды мақтаныш сезімі кернеп, ұлы дала көрінісі керемет əсерге бөледі. Менің ойымша мұндай мерекелік шаралардың халықаралық достық пен қарым-қатынасты нығайтып, ел тарихын білуге жəне құрметтеуде маңызы зор. Сондай мəнді əрі ауқымды шаралардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы бол- ды. Еліміздің жүрегі Астана қаласында отанын шексіз сүйетін азаматтардың ор- тасында өткен күндерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлығымызды ортақ мүдде патриотизм біріктіре түсті. Қазіргі таңда əр ата-ана баласын лайықты тəрбиелегені жөн. Жасөспірімдерге көңіл аудармау кейін опық жегізу мүмкін. Осы ретте, облыстық поляктар бірлестігі жас толқынды тəрбиелеуге баса мəн береді. Біздің барлық жобаларымыз аға буын өкілдері мен жастарды бір арнаға тоғыстыруға бағытталған. Со- нымен бірге, қайырымдылық шаралары да көптеп ұйымдастырылады. Бұл тек қаражат түрінде жүргізілмейді. Себебі, жомарттылық тек ақшамен емес, арнаған уақытпен өлшенеді деу орынды. Бүгінгі таңда қайырымдылық жұмыстарына бел- сене үлес қосушы азаматтардың қатары қалың. Қазақстан халқы Ассамблеясының жы- лына орай «KZ волонтерлері» орталығы ашылды. Еріктілер Краков қаласындағы халықаралық мектепте біліктіліктерін шыңдады. Сол кезде «Жақсылыққа жол» қайырымдылық жобасы да бастау алды. Жоба облыстық поляктар бірлестігі жастар қанатының бастамасымен өткен жылдың наурыз айында жүзеге асты. Бұл жобаның басты мақсаты – көмекке зəру балаларға қол ұшын беру. Жобаның бірінші шарасы Шучинск қаласындағы балалар үйінде өтті. Игі істен түскен қаражатқа балалар үйінің театр студия- сына құрал-жабдықтар сатып алын- ды. Оған қоса, жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған болатын. Ағымдағы жылы «Кəмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығы балаларды қолдау мақсатында оларға арналған кітаптар акциясын өткізді. Шара барысында поляк орталығының жас еріктілері өмірлік қиындықтарға ұшыраған жасөспірімдерге психо- логиялық көмек көрсетті. Барлығы 260 кітап тарту етілді. Халықаралық балалар күнінде 300-ден аса жасөспірімге мульт- фильм көрсетілді. Бұл жолы еріктілер кішкентай келушілерге мульфильмнен бөлек балмұздақ пен əуе шарларын да- йындап, шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Облыстық поляктар бірлестігі осындай келелі істерімен əрдайым таныла бермек. Игі шаралар болашағымыздың жарқын болатынының үлкен кепілі.

Людмила СУХОВЕЦКАЯ,

облыстық поляктар бірлестігі төрағасының орынбасары, поляк тілін оқыту орталығының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар