9 шілде күні Мәскеудегі Қызыл алаңнан бастау алған «Жібек жолы» ралли-марафоны 12 шілдеде Астана қаласына келіп жетті.
Марафонға қатысушылар орталық көшелермен жүріп өтіп, мерекелік б а ғ д а р л а м а л а р д ы т а м а ш а л а п , көпшілікпен кездесті. Т р а н с ко н т и н е н т а л д ы қ р а л л и — марафонға қатысып жатқан «Astana Motorsports» командасының экипаж- дарын таныстыру шарасына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «Астана» Президенттік спорт клубының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дархан Қалетаев қатысып, сөз сөйледі. Салтанатты шара «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда өтті. Қатысушылардың айтуынша олардың алдарында жолдың ең қиын бөлігі – Гоби шөлі жатыр. Бұл шөлден бүкіл мара- фоншылар қорқатын көрінеді. Ол жерге тәуекел етіп баратындар сирек, бірақ, барған адам табиғаттың осы иесіз шөл да- ласына ғашық болып қайтатыны да бар екен. Ралли-марафонға қатысушыларға ақ жол тілеген қала тұрғындары олардың «Ақ жолбарыс» мүсіні үшін тартысты күресін назардан тыс қалдырмай бақылап отыратындарын да жеткізді. Жарыс 24 шілдеде Бейжіңде мәреге жетеді.
Мерген Тоқсанбай.