«Жібек жолы» марафоны – Астанада

9 шілде күні Мәскеудегі Қызыл алаңнан бастау алған «Жібек жолы» ралли-марафоны 12 шілдеде Астана қаласына келіп жетті.

Марафонға қатысушылар орталық көшелермен жүріп өтіп, мерекелік б а ғ д а р л а м а л а р д ы т а м а ш а л а п , көпшілікпен кездесті. Т р а н с ко н т и н е н т а л д ы қ р а л л и – марафонға қатысып жатқан «Astana Motorsports» командасының экипаж- дарын таныстыру шарасына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «Астана» Президенттік спорт клубының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дархан Қалетаев қатысып, сөз сөйледі. Салтанатты шара «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда өтті. Қатысушылардың айтуынша олардың алдарында жолдың ең қиын бөлігі – Гоби шөлі жатыр. Бұл шөлден бүкіл мара- фоншылар қорқатын көрінеді. Ол жерге тәуекел етіп баратындар сирек, бірақ, барған адам табиғаттың осы иесіз шөл да- ласына ғашық болып қайтатыны да бар екен. Ралли-марафонға қатысушыларға ақ жол тілеген қала тұрғындары олардың «Ақ жолбарыс» мүсіні үшін тартысты күресін назардан тыс қалдырмай бақылап отыратындарын да жеткізді. Жарыс 24 шілдеде Бейжіңде мәреге жетеді.

Мерген Тоқсанбай.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар