Осы байқауда жерлесіміз Асқар Мұқият бас жүлдені жеңіп алды.
Шілде айының соңында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жезтаңдай əншілер өнерлерін ортаға салды.
Байқау шарты бойынша қатысушылар Əсет әндерінен бір əн, халық композиторларының шығармаларынан екінші əн орындауға тиіс болатын. Оларға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шəкəрім, елімізге танымал өнер қайраткерлері Ерлан Рысқали, Берік Омаров, Əділ Тұрғанбаев, Гүлмира Темірбековалар төрелік етті.
Шығыс Қазақстан əкімдігі қолдауымен облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы ұйымдастырған бұл байқауға əр өңірден 20 шақты орындаушы барыпты. Солардың ішінен облысымыздың намысын қорғаған Шортанды ауданының тұрғыны Асқар Мұқият топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты.
Мерген ТОҚСАНБАЙ.