Бюджетке қайтарылды

Аудандық прокуратура  аудандық экономика жəне қаржы бөліміне бөлінетін бюджет қаражатының  мақсатты  пайдалануы мен белгіленген заңдылықтардың сақталуына тексеріс жүргізді.
Нəтижесінде бюджеттік кредит түріндегі əлеуметтік көмекті алуға ниет білдірген азаматтардың өтініштерін тіркеу реті жəне қарау мерзімінің бұзылуы, көмектен негізсіз бас тартуы, шешім қабылдау барысында артықшылық көрсету фактілері анықталған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 4 лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, 1,5 миллион теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
Қорғалжын ауданының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар