Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
21 тамыз – спорт күні - АРҚА АЖАРЫ

21 тамыз – спорт күні

Құрметті спортшылар, бапкерлер,
спорт ардагерлері мен жанкүйерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда дене шынықтыру мен спорт заманауи өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру басты мемлекеттік міндеттеріміздің бірі.
Бүгінгі күні дене тәрбиесі мен спортты өмірлік кәсібіне айналдырғандардың бәріне шынайы тәнті екенімді білдіремін.
Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында облысымызда бұқаралық спорт қозғалысы дамып, оған 180 мыңнан астам адам тартылды, ақмолалық спортшылардың есімдері жоғары деңгейдегі спорттық форумдарда айтылады. Биылғы жылдың өзінде ғана елуден астам адам Әлем және Азия біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ақмолалық спортшылардың құрметіне Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, Әнұраны шырқалуда.
Дене тәрбиесі мен спорт тұлғаны қалыптастыруда орасан рөл атқарады. Спортпен шұғылдану мінезді шыңдайды, жетістіктерге қол жеткізіп, ойлаған мақсатыңа жетуге көмектеседі.
Осы күні бар саналы ғұмырларын спортқа арнап, қазақстандық спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге зор үлес қосқан ардагерлерге зор алғысымды білдіремін.
Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби қызметтеріңізде табыс, дарынды тәрбиеленушілерді, ал спортшыларға тәуелсіз Қазақстанымыздың көркеюі мен гүлденуі жолында жоғары спорттық жетістіктер, жаңа жеңістер мен рекордтар тілеймін, сәттілік әрдайым серіктеріңіз болсын.
Мерекелеріңізбен, қымбатты жерлестер!
Сергей КУЛАГИН,
облыс әкімі.                                                         

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Спортшыларды, бапкерлерді, дене шынықтыру мұғалімдерін, спорт мекемелерінің қызметкерлері мен спортқа бейжай қарамайтын барша қауымды, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Спорттың дамуы, салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі деп зор сеніммен айтуға болады.
Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылар әртүрлі деңгейдегі жарыс-
тарда толайым табыстарға қол жеткізуде. Осының жарқын айғағы ретінде Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы отандастарымыздың жеңістерін айтуға әбден болады.
Әрине, осыншама табыстарға, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін елімізде жасалып отырған жағдайларсыз қол жеткізе алмас едік.
Бапкерлерге, мектеп мұғалімдеріне, спорт федерацияларының басшыларына және біздің Ақмола облысында спортты дамытуға игі ықпалын тигізіп жүрген баршаңызға жанқиярлық еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.
Мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, спорттық ұзақ ғұмыр, көңіл шаттығын және Қазақстанның спорттық мерейін асқақтатар жаңа жетістіктер тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,           
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар