Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақытты балалық мекені - АРҚА АЖАРЫ

Бақытты балалық мекені

Облыс әкімі Сергей Кулагин Конституция күні қарсаңында Көкшетаудағы «Көктем» шағын ауданында жаңадан салынған 280 орындық балабақшаның ашылу салтанатына қатысып,  бүлдіршіндер мен ата-аналардың қуанышына ортақтасты.

Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар облыс аумағында мұқият жүзеге асырылып келеді. Әсіресе, Конс-титуция күні мерекесі қарсаңында білім ордаларын пайдалануға беру игі дәстүрге айналған.  Биыл да оң үрдіс жалғасын тауып отыр. Оған Көкшетау қаласындағы «Көктем» шағын ауданында 280 орындық балабақшаның пайдалануға берілуі айқын дәлел.
Мектепке дейінгі білім беру нысаны «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 678 миллион теңге қаржы жұмсалған. Салтанатты шараға қатысқан облыс əкімі Сергей  Кулагин бұл жақсылықтардың барлығы Елбасымыздың тікелей нұсқауымен қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында екендігін айта келе, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын қуаныштарымен құттықтады. Одан әрі осы балабақшаның тәрбиеленушілері Жанерке Төлегенова мен Амантай Алпамыс жаңа ғимараттың лентасын қиды. Жиналған қауым ішке еніп, балғындардың жатқа оқыған өлеңдері мен әсем әндеріне құлақ түрді. Өз кезегінде ата-аналар атынан сөз сөйлеген қала тұрғыны Гаухар Әбдірахманова ризашылық сезімін білдірді. Жалпы, жыл аяғына дейін облыс орталығында 240 орындық тағы бір балабақша ғимараты пайдалануға берілмек. Оған өңірде әлеуметтік саланың дамуына бизнес құрылымдары да үлес қосуда. Осы күндері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында облыс бойынша барлығы 7 мың орындық 68 мектепке дейінгі білім беру мекемесі пайдалануға беріліп отыр.

Аслан ОСПАНОВ.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар