Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлігі бекем елдің берекесі мол - АРҚА АЖАРЫ

Бірлігі бекем елдің берекесі мол

Сенат депутаттары Рашит Әкімов пен Жабал Ерғалиев Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде Бурабай, Бұланды, Ақкөл аудандары мен Степногорск қалаларында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Қазіргі уақытта Бурабай ауданының экономикасында ілгері басушылық анық байқалып отыр. Еліміздің басты курортты аймағын дамыту жөніндегі Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолындағы істердің барлығы жауапкершілікпен және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен ұштастырыла жүргізілуде. Сенаторлар курортты аймақты жергілікті жердің азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің және қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан істермен танысты.
Сенаторлар Бұланды аудандық мәслихатының депутаттарымен өз кездесулерін  емін-еркін пікір алмасу жағдайында өткізді. Әуелі Парламенттің заң қабылдау жұмысының нәтижесі жайлы айтып берді. Жергілікті мәслихаттың депутаттары аграрлық саланы дамытудың кейбір мәселелеріне тоқталды. Жер реформасы жайлы пікір алмасу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жер туралы заңның жекелеген баптарына бес жылға дейін мораторий жариялағанын  аса көрегендік деп атап көрсетті.
Ақкөл аудандық мәслихатының кезекті алтыншы сессиясында аудан әкімі Теміржан Едігенов өзіне жүктелген міндеттері мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы жайлы есеп берді. Бір атап көрсетерлігі сол, аудан бойынша соңғы үш жылда инвестиция тарту 76,1 пайызға артып, соның нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,1 пайызға көбейіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласындағы табыстар жақсара түсті. Тұрғын үй құрылысы жанданып келеді. Биылғы жыл басынан бері 3466 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
   – Әлемдегі экономикалық және қаржы дағдарысына қарамастан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бәсеңдеген емес. Бұл ең әуелі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанды әлемдік қаржы дағдарысына алып шығудың алдын ала терең ойластырған саясатының арқасында болып отырған жай,–деп атап көрсетті сенатор Жабал Ерғалиев өз сөзінде. Біздің алдымызда әлі де жауапты міндеттер тұр. Еліміз өз тәуелсіздігінің жиырма бес жылында тарихи жолдан өтті. Біздің ендігі және келер уақытта да, тіпті, әрқашан еліміздің бірлігі мен ынтымағын сақтау, Қазақстанды мекендеп отырған барлық этностардың достығын нығайту басты міндетіміз болу керек. Біздің бәрімізде бір ғана мақсат бар. Ол Елбасының ішкі және сыртқы саясатын қолдау және Мәңгілік ел болу!
Степногорск қалалық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясында қала әкімі Әнуар Күмпекеев есеп берді. Ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында қазір жаңа бір серпіліс бар. Биылғы жылдың басынан бері тауарлы өнім көлемі 54,2 миллиард теңгені құрап, өндірістің өсім көлемі 104,4 пайызға қамтамасыз етілді. Қазақстанды индустрияландыру және инновациялық дамытудың Елбасы алға тартқан Мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай орындалып келеді. Мысалы, Степногорск қаласы бойынша Индустрияландыру картасына 29,3 миллиард теңгенің 13 жобасы енсе, соның 11 жобасы орындалып жатыр. Жүзеге асырылып жатқан осы он бір жобаның негізінде 1176 жұмыс орындары ашылмақшы.
– Елбасы біздің алдымызға елімізді индустрияландыру бағытында жаңа әрі тың міндеттер қойып отыр. Әсіресе, Қазақстандық өнім шығаруды молайту және оның сапасын жақсарту арқылы өз сұранысымызды толық қамтамасыз етіп,  әлемдік рынокқа шығуға бізде толық жағдай бар. Шағын және орта бизнесті дамытуға Мемлекет тарапына әрдайым қолдау мен көмек көрсетіліп келеді. Сол мүмкіндіктерді толық пайдаланудың бар мүмкіндіктері заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілген,– деді өз сөзінде Сенат депутаты Рашит Әкімов.
Сенаторлар өндіріс орындары және бизнес саласының жетекшілері мен мәслихат депутаттарының сұрақтарына жауаптар берді.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар