Сайлаушылар сенімін ақтау – әр депутаттың мерейлі міндеті

Билік органдарымен бірлесіп, ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан Қазақстан мәслихаттарына биылғы жылы 22 жыл толады. Өкілетті органдар ретінде биліктің бір тармағы болып табылатын жергілікті жерлердегі мәслихаттарға ауқымды міндеттер жүктелген.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жергілікті өкілетті органның, яғни, мәслихаттардың және атқарушы органдардың міндеттерін айқындап берді. Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруі, мәслихат депутаттары арқылы аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерін сайлау енгізіліп, мәслихаттың рөлі арттырылды.
Өкілетті органға сайлана отырып, біз Жарқайың аудандық мәслихат депутаттары, өзекті шешімдер қабылдау құқығы берілгенін және ел мүддесі үшін олардың іске асырылуына жауапты екенімізді түсінеміз.
Жарқайың ауданының өкілетті және атқарушы билік органдарының бірігіп жасаған жұмыстары жыл сайынғы халық алдында есеп беру кездесулерін, мемлекеттік мекемелер және ұйымдар басшыларының қатысуымен өтетін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырыстарын өткізу кезіндегі жиналған өзара қарым-қатынас тәжірибесі, екі билік саласының шоғырланып және жұмыстарын қарқындатуға септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда азаматтық қоғамның қалыптасуына маңызды қадам – жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай дамытудағы әкімдердің сайлануы және Қоғамдық кеңес құруы болып табылады. Ол демократияның өзекті  мәселелерінің бірі десек артық айтқандық емес. Яғни, тиімді өзін-өзі басқару азаматтардың мемлекет көмегіне үнемі үміттенбей, өздері өзекті мәселелерді шешуі үшін жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей халықты тарту қажет.
Барлық жаңадан енгізілген ережелер қоғамның атқарушы және өкілетті билік органдары, құқық қорғау органдары жұмыстарының тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді және азаматтық қоғамның белсенділігін күшейтеді. Қоғамдық кеңестер әкімдердің шешімдерін келісу  өкілеттілігі берілуімен өз алдына ауылдық мәслихат болып қалыптасуда.
VI шақырылған Жарқайың аудандық мәслихаттың төрт сессиясы өткізіліп, 22 шешім қабылданды, сонымен қатар, аудандық әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты көптеген маңызы зор мәселелер де оң шешімін тапты.
Барлық сессиялар үнемі аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаевтың, аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының, қала және ауыл әкімдерінің қатысуымен өткізілуде. Аудандық мәслихаттың аппаратымен кезекті сессияға мәселелерді да-йындау барысында қаралатын сұрақтар бойынша қоғамдық пікірді, жағдайды зерделеу үшін аудандық мәслихат хатшысының өкімімен уақытша жұмыс тобы құрылады, сондай-ақ, тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулер қабылданады.
2016 жылдың 1 жартыжылдығында аудандық мәслихат сессияларында аудандық бюджеттің орындалуы және құрылуы, Жарқайың ауданында жер қорын пайдалану жағдайы және жер қатынастары мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың орындалуы туралы, жастар арасында жұмыспен қамту және жұмыссыздығы мониторингін жүргізу сияқты және тағы басқа өзекті мәселелер қаралды.
Жыл басынан бері аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссияларымен төрт отырыс өткізіліп, онда бес өзекті мәселе қаралды. Бюджеттік саясат және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияда бюджеттің орындалуына, бірқатар атқарушы органдарда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясымен өткізілген қадағалау нәтижелерін талқылауға байланысты, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы, сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану туралы мәселелер қаралды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен көшпелі отырыстар дәстүрлі түрде өткізіледі. Осындай өткізілген тұрақты комиссияның көшпелі отырысында 2 ауылдық округте аудандық мәслихат депутаттары әлеуметтік-мәдени нысандарды аралап, балабақшада балаларға бағалы сыйлықтар табыстады, ауылдық округтердегі сайлаушылармен кездесті, ауылдық округ тұрғындары аудандық мәслихат депутаттарының жұмысымен танысты, сұрақтар қойылып, оларға толық жауап алды.
Жыл басынан бері тұрғын-үй коммуналдық қызметтер, жұмыспен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендерді абаттандыру мәселелеріне байланысты 14 депутаттық өтініш жолданды.
Сайлаушылардың өтініштерін қанағаттандыру үшін аудандық мәслихат облыстық және аудандық мәслихат депутаттары атынан жоғары тұрған мемлекеттік органдарға 29 депутаттық өтініш жолдады.
Аудандық мәслихаттың интернет  сайты құрылған, онда қызметті ұйымдастыру және мәслихат өкілеттілігі туралы, депутаттармен және олардың жұмыстарының бағыттарымен, сессияларда және тұрақты комиссия отырыстарында қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен танысуға болады.
Мәслихат депутаттары «Мектепке жол», «Қарттар күні» акцияларына белсенді қатысады, мектептерге оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және басқа да шараларына демеушілік көрсетеді.
Жаңадан енгізілген өзгерістерінің бірі – тұрақты түрде полицияның лауазымды тұлғаларының әкімдік мәжілісінде және мәслихат сессиясында жергілікті билік органдары мен жергілікті қоғамның алдында есеп беруі. Қазіргі күні біздің полиция қызметкерлері аудандық мәслихат депутаттары алдында ағымдағы жылдың тамыз айында есеп беруге дайындалып жатыр. Әрине, біз барлық күштің қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет екенін түсінеміз. Учаскелік инспекторлардың халыққа жақын болуымен қатар аудандық полиция бөлімшелерінде тәулік бойы учаскелік кезекшілікте отыратын жағдайлар  кездеседі. Уақыт өте келе барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделей келе, осы жағдайлар шешімін табады деп ойлаймыз.
Өткен жыл және осы жылдың бірінші жарты жылдығы біз үшін нәтижелі болды. Жарқайың ауданы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында біршама жетістіктерге қол жеткізе алды. Жарқайыңдықтар көптен күткен заманауи техникалар және жабдықтармен қамтылған емханасы бар аудандық аурухана ашылды. Жастар шағын ауданында бес жетпіс бес пәтерлі үйлер қалпына келтірілді, жылу қазандықтарын жетілдіру, көп пәтерлі тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу қазандықтарына қосу бойынша  жобалар жүзеге асырылуда, ауылдық мәдениет үйлері қалпына келтірілуде. Осының бәрі жарқайыңдықтардың көңіліне үлкен қуаныш сыйлайды.
Ортақ мақсатты айқын көру аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның тұрғындарының жағдайына бағытталған үлкен міндеттерді әрі қарай шеше беруге мүмкіндік береді және біз аудандық мәслихаттың депутаттары өзіміздің жауапкершілігімізді сезіне отырып, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында алға қойған тапсырмаларын ойдағыдай шешу үшін барлық күшімізді жұмсаймыз.
Ұлболсын Асқарова,
аудандық мәслихаттың хатшысы.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар