Облыстық қорға-ныс істері жөніндегі департаментінде Ата Заңға 21 жыл толуына орай, мерекелік іс-шара болды.
Аталған шараға қорғаныс саласының қызметкерлері, сарбаздар, ардагерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында алғашқы болып сөз сөйлеген облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Жанат Ережепов жиналған қауымды мерекемен құттықтай келе, Ата Заңның атқаратын қызметтерінің зор екенін айтты. Содан соң, Қарулы Күштердің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Мұса Елеусізов, ауған соғысының ардагері Марат Тотқұшев Ата Заң – мемлекеттің айнасы іспеттес, оған зор құрметпен қарау қажет екенін тілге тиек етті.
Саналы ғұмырын әскери қызметке арнаған Мұса Елеусізов және Ақмола облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ұйымының төрағасы Дуанбай Ыбырай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Жанат Ережеповтің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Назгүл РАБИЛОВА.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.