Өзгерістер қандай нәтиже бермек?!.

оны уақыт көрсетеді

 

Облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы өңірлік коммуникация-лар қызметінің ұйымдастыруымен  «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Еркін Исімбаев журналистермен кездесіп, биылғы білім беру саласындағы өзгерістер жайлы айтып берді.

 

Биылғы жылдан бастап еліміздің мектептерінде білім беру мазмұны мен құрылымында бірқатар өзгерістер орын алмақ. Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры Еркін Исімбаев осы жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Орта білім берудің мазмұнындағы өзгерістердің мәні жас ұрпақты рухани, мәдени және моральдық құндылықтар негізінде өз елінің мәдениеті мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Жастар мектептен белгілі бір пәндер бойынша жалаң теориялық білім алып қана шықпай, сол алған білімдерін қажет жағдайларда нақты іс жүзінде пайдалана алатындай деңгейде болуына қол жеткізу басты назарда ұсталмақ. Мұның өзі жастарымыздың өмірде өздерін еркін сезініп, қоғамнан орындарын қиналмай табуларына игі ықпалын тигізері анық.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу туралы әңгіме көптен бері айтылып келе жатқаны белгілі. Өткен жылы еліміз бойынша отыз, ал, біздің облысымыздан екі мектеп пилоттық жобаға сай 12 жылдық білім беру бағдарламасы негізінде оқытуға көшкен болатын. Ал, биылғы оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептері жаңа бағдарламаға көшпек. Осыған орай, мұғалімдерді жаңа бағдарламаға сай оқытуға даярлау ісі қолға алынған еді. Еркін Исімбаевтың айтуынша, мектеп бағдарламасындағы өзгерістерге орай, мұғалімдер білімін жетілдіру институтының мамандары мектеп мұғалімдерін қайта оқыту курс-тарынан өткізген. Жаз айларында 1820 мұғалім қайта даярлық курстарында оқып,  біліктіліктерін жетілдірген. Ол мұғалімдердің арасында ең алдымен, бастауыш сынып мұғалімдері, жаратылыстану пәндері мұғалімдері бар.
Алты жастан бастап оқытылатын  сыныптар сақталады. Содан кейін қазіргідей он бір жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады. Биылғы оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу жүйесі негізіндегі жаңа бағдарлама бойынша оқытылмақ. Оқытудың жаңа әдістемесіне көшу сатылап, ақырындап жүзеге асырылмақ. 2019 жылы жаратылыстану пәндері 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға көшіріледі де, содан кейінгі жылдарда 8-9 сынып болып төмендей береді. Осылайша бірнеше жылдың ішінде үш тілде оқыту жүйесі толық енгізілмек. Тағы бір айта кетерлік жай, тілді үйрету бұрынғыдай грамматикалық негізде емес, ауызекі сөйлесу, сол арқылы күнделікті қолданылатын сөздерді меңгеру түрінде жүргізілмек. Бұл тілді үйреніп қана қоймай, сөйлесу деңгейінде меңгеруге де игі ықпалын тигізетін болады. Кездесу соңында институт директоры журналистер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

Қалкөз ЖҮСІП

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар