Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтарға арналған үкімет - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтарға арналған үкімет

Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысы туралы» тақырыбында брифинг болып өтті.

Еске сала кетсек, жаңа құрылым ағымдағы жылдың сәуір айынан жұмыс істеуде. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 100-қадамына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Канада мен Австралиядағы қызмет көрсету орталықтары үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірегей провайдері болуы тиіс.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, мемлекеттік корпорацияны құру нәтижесінде бүгінде мемлекеттік корпорацияның Қазақстан бо-йынша 530 мемлекеттік қызметті көрсететін 368 фронт-офисі жұмыс істеуде, ол жалпы мемлекеттік қызметтер санының 70 па-йызын құрайды. «Қазіргі кезеңде жұмыс істеп тұрған офистерді бір ереже бо-йынша жаңғырту маңызды рөл атқарады. Бүгінде әрбір офисте корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай ақпараттық жүйесі, кедергісіз қызмет көрсету, электронды кезек енгізілген, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін шынайы уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін ахуалдық орталыққа қосылу жүзеге асырылған. Бөлімдердің басым бөлігі «Дүйсенбі-сенбі» күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсету жұмыс режиміне ауысқан», – деп хабарлады Құмарғалиев.  
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қайта ұйымдастырылу процесі толықтай аяқталды, мұның нәтижесінде мемлекеттік корпорация құрылымында үш құрылымдық бөлім: мемлекеттік қызмет көрсету дирекция-
сы, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы және жер кадастры, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы пайда болды. Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, мемлекеттік корпорацияда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылады, олардың 365-і қазірге кезде мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқаруда.
Құрылымдық бөлімдерді қосу ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіріп әрі оңтайландырып қана қоймай, нәтижесінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартты  және процедураларды қысқартуға әкелген ірі жобаларды іске қосуға мүмкіндік берді. Біріктірілген жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тексеру дирекциясының алғашқы жобаларының бірі – қала құрылысы кадастрын алдымен Астанада, кейін аймақтарда ықпалдастыра отырып, «Жер мен жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру болды.
Сондай-ақ, Медет Құмарғалиевтің айтуынша, жақын арада Шымкент қаласында Қазақстан бойынша 12-ші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік үлгісі бойынша қалған облыс орталықтарында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын салу мүмкіндігі қарастырылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар