Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электронды күнделік пен журнал - АРҚА АЖАРЫ

Электронды күнделік пен журнал

Өз басым сонау кеңес заманында бір жылдай мектепте мұғалім болып істегенім бар. Сонда байқағаным, мұғалім уақытының көбін күнделікті сабақ жоспарын дайындауға, оқушылардың күнделігін тексеруге, тоқсандық сабақ жоспарын жасауға жұмсайды екен.

Мұндай қағазбастылықтан мұғалімдер әлі де арыла қойған жоқ. Биылғы оқу жылында білім саласында енгізіліп отырған жаңалық мұғалімді осындай қағазбастылықтан арылтады деген үміт бар. Сонымен… Білім жүйесіндегі жаңа жобаны жүзеге асырған  «Kundelik» ЖШС-інің директоры Александр Игоревич Григорянмен сөйлесудің сәті түскен еді. Оның айтуынша, kundelik.kz жүйесі педагогтарды қағазбастылықтан құтқарып, оқушылардың үлгерімі
жөніндегі статистикалық-сараптамалық мәліметтерді өңдеуді, сондай-ақ, білім алу үдерісіне қатысушылардың арасындағы ақпараттандыруды жаңа сапалық деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл жаңа жобаның енгізілуі қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға да игі ықпалын тигізбек.
Электронды күнделіктің қағаз күнделіктен қандай айырмашылығы бар? Осы күнге дейін қолданылып келген қағаз күнделіктен ата-ана баласының оқу үлгерімі, тәртібі, сабаққа дайындығы жайында толыққанды ақпарат ала алмайды. Ал, электронды күнделікті ата-ана тәуліктің кез-келген уақытында, қай жерде жүрсе де қарауына мүмкіндігі бар. Одан тек баланың үлгерімі жайындағы ақпарат алып қана қоймай, тәртібі, тіпті сабаққа қалай дайындалғаны туралы да толыққанды ақпарат алуға болады екен. Бір сөзбен айтқанда, ата-ана баласының қайда жүргендігін, немен айналысып жатқанын, сабақ үлгерімі қандай екендігін – бәрін біліп отырады. Сонымен бірге, тақырыптық форумдар өткізуге,  фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға да болады дейді жаңа жобаның авторы.
Ал, электронды журнал мұғалімдерді басы артық жұмыстардан құтқарып, бос уақытын көбейтуге, сол арқылы сабаққа тыңғылықты дайындалып, білім деңгейін көтеруіне мүмкіндік жасамақ. Электронды журналдың формасы негізінен үйреншікті қағаз журналға ұқсайды, бірақ оған бірнеше қосымшалар енгізілген. Атап айтқанда, күндік, апталық журнал және сабақ парақшасы болып жіктелген. Журнал ақ-қара немесе түрлі түсті болып жасалған. Оны таңдау еркі әр мұғалімнің өзінде. Мұғалім кез-келген сабаққа түсініктеме және қосымша материалдар қоса алады. Үй тапсырмаларын басқарудың интерактивті модулі сыныптың барлық оқушысына немесе жеке-жеке тапсырма беруге, әр түрлі сыныптар үшін тапсырмаларды көшіруге, оларды файлдарға қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тағы бір артықшылығы – қағаз күнделік сияқты пайдаланылған соң лақтырып тастамай, электронды нұсқада сақталады. Бірнеше жыл өткеннен кейін де қажет ақпараттарды мұрағат арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Бұл әсіресе, мұғалімдерге өте ыңғайлы. Олар сабақ жос-парларын жылда қайталап жасамай, бір рет дайындаған соң келесі жылдары аздап толықтырып отырса болғаны.
Білім жүйесіндегі бұл жаңалық біздің облысымыздың мектептерінде қалай қолданылмақ деген мәселеге орай, облыстық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Бағдат Қадыров түсінік берді. Жаңа оқу жылынан бастап бұл жаңа жобаны облысымыздағы барлық мектептер пайдалана бастайтын болады. Бүгінгі күні 578 мектеп немесе барлық оқу орындарының 87,5 пайызы жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Басқа мектептер де таяу болашақта қосылмақ.  Бұл жоба биылғы оқу жылында еліміздің барлық мектептерінде қолданылу жоспарланса, қазіргі күнге дейін бес облыс толық дайын болыпты. Солардың арасында Ақмола облысы да бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар