Енді сенің мектебің,
Кіріп ал да, білім жи!
Қалам алып жазасың,
Білім кенін қазасың.
Тентек болып ұстаздың,
Ала берме мазасын.
Талабыңды ұштар ол,
Жақсылыққа құштар бол.
Осы сенің қыс-жазы,
Ертеңіңе бастар жол!
Сенбе білек күшіне,
Оны да жүр түсіне.
Құтты болсын мектебің,
Ал, кіре ғой ішіне!