Спорт алаңы

Әскерилендірілген кросс бойынша республикалық жарыста Ақмола облысының командасы  бірінші орынды жеңіп алды. Мұның өзі біздің өңіріміз үшін үлкен мерей.

Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының «Аймақтық коммуникация қызметі» хабарлады. Жарысты  республикалық әскери-спорттық федерациясы мен Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру агенттігі ұйымдастырды. Ересектер арасындағы әскериленген кросс біріншілігі Щучинск қаласында өтті. Жарыс жас мөлшеріне қарай бірнеше топтар арасында болды.
18-34 жас аралығындағы топта ақмолалық спортшы Алмас Рахымбаев алдына жан салмады, ал 35-39 жас аралығындағы топта жерлесіміз Сергей Щербаков және 50 жастан жоғарылар тобында Талғат Рахымбаев жеңіс тұғырынан көрінді. Қорытынды есеп бойынша Ақмола облысының командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

 

 

Ел тәуелсіздігінің және прокуратура органдарының  25 жылдығына орай, облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен стритболдан жарыс өткізілді.

 

Спорттық доданың салтанатты ашылуында облыс  прокурорының аға көмекшісі  Ахмет Балмашев құттықтау сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі. 6 команда ойыншылары  өз кезегінде  жарыс ережелерін сақтап, әсерлі ойын көрсетті.  «Көкшетау» командасы  бірінші орынға ие болды. Ал, екінші және  үшінші жүлделі  орындар «Спорт клубы» мен  «Авто қалашық»  командаларына бұйырды.  
Жарыс барысында  ерекше  ойынымен көзге  түскен Руслан Чернявский  «Үздік  ойыншы» аталымын жеңіп алды. Ойынның «Үздік мергені» Виктор Гассман  болса,  жарыстың ең шапшаң ойыншысы болып  Алексей Колесников атанды.  

 

 

Есірткіге еліккен адамның оған деген тәуелділіктен құтылуы қиын болады. Өкінішке орай, біздің облысымызда да, әсіресе жастардың арасында нашақорлыққа салынғандар кездеседі.

 

Нашақорлықтан емдегеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда тиімді. Ал, оның бірден-бір сенімді жолы – салауаттылық.  Осы орайда, «Болашақ біздің қолымызда» қоғамдық ұйымы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жастарды салауаттылыққа насихаттау мақсатында футболдан жарыс өткізді.
Көпшілік көңілінен шыққан жарыс  Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосындағы №1 мектептің спорт алаңында өтті. Оған бес команда қатысып, сайысқа түсті.
Тартысты өткен жарыс барысында қарсыластарын түгел жеңген
«Ұлттық құрама» командасы бірінші орынды иеленсе, «СМЖ» командасы екінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 

 

Биылғы жылдың қараша айында Степногорск қаласында көпфункционалды спорт алаңы пайдалануға берілмекші. Ол тиісті спорт құралдарымен жабдықталатын болады.

 

Бұл жөнінде қала әкімі Әнуар Күмпекеев Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжілісте баяндаған. Қаланың орман саябақ аймағында көпфункционалды спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. Мұнда футбол-хоккей және баскетбол, волейбол алаңдары болады.
Сонымен бірге, гимнастикамен, аэробикамен айналысатындарға арналған және тренажер алаңы да степногорлықтарға қызмет көрсетпек. Қараша айында футбол-хоккей және баскетбол, волейбол алаңдары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар